Ауыр атлетика • 09 Сәуір, 2017

Ауыр атлетикадан Карина Қозғанбаева әлем чемпионатында қола алды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Тайландтағы жастар арасындағы әлем чемпионатында 69 келі салмақта қыздар арасындағы бәсекеде Карина Қозғанбаева қола жүлдегер атанды, деп жазады dodasport.kz.

Ауыр атлетикадан Карина Қозғанбаева әлем чемпионатында қола алды

Отандасымыз өзіне берілген мүмкіндіктің біреуін сәтсіз пайдаланып, бесеуін сәтті орындады. Қос сайыс қорытындысы бойынша эквадорлық спортшы 220 келі, колумбиялық атлет 209 келі, ал Карина 207 келіні бағындырды.

 Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.