Парламент • 10 Сәуір, 2017

Жолдауды іске асыру аясындағы кеңес

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Жолдауды іске асыру аясындағы кеңес

Кеңес барысында мем­лекет­тік қызметтер көрсету үдеріс­терін оңтайландыру мәселе­лері талқыланды, сондай-ақ «Аза­мат­тарға арналған үкімет» Мемле­кеттік корпорациясы қызметінің 2016 жылғы қорытындысы және 2017 жылға арналған жоспарлар тыңдалды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты ха­лыққа Жолдауында түбе­гейлі реформалардың, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсе­ту саласында қажеттігін атап өтіп, Үшінші жаңғыруды іске асы­ру бойынша міндет қойған бо­латын. Аталған тапсырманы іс­ке асыру аясында Мемлекет­тік корпорацияның алдында қызмет көрсету үдерістері­не жаңа технологияларды енгі­зу, сервисті арттыру және трансформация жүргізу мен ішкі процестерді оңтайландыру міндеттері тұр.