Қазақстан • 13 Сәуір, 2017

Жаңа студенттер үйі

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Елбасы Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет» деп, тиісті ұсыныстар беруді тапсырған болатын.

Жаңа студенттер үйі


Астанада жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөндірістік кешені үшін 60 мыңнан астам біліктілігі жоғары мамандар дайындап шығарған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жаңадан салынған студенттер үйі ашылды.

Салтанатты іс-шараға Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұхамбердиева, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев, Парламент Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және белгілі қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Жиында сөз алған С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаевтің айтуынша, студенттер үйі соңғы 40 жылда жаңадан салынып отырған ғимарат.

«Былтыр жас мамандарға, магистранттар мен докторанттарға Есіл өзенінің сол жағалауынан 120 пәтерлі үш үй пайдалануға берген болатынбыз. Сөйтіп, барлық оқытушыларды жатақxанамен қамтамасыз еттік. Бүгін көптен күткен қуанышты сәт – жаңа студенттер үйі ашылып отыр. Соңғы жатақхана кеңес кезінде, осыдан 40 жыл бұрын салынған еді. Жатақхана құрылысына мемлекет бюджетінен 1 млрд теңге ақша бөлінді. Бүгінде университет студенттерінің 75 пайызы жатын орынмен қамтамасыз етіліп отыр» деді ректор.

Жатақхана негізінен шалғайдан келген студенттерге беріледі. Университеттің 1 курс студенті, ерейментаулық Мәдина Әнуарбекқызы студенттер үйінен бөлме алғанына қуанышты екенін, бар жағдай жасалғанын жеткізді.

Жатақхана 592 жатын орынға қарастырылған. 9 қабатты студенттер үйінде қазіргі заманғы телекоммуникация желісі, жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi желісі, жастар орталығы, кітапxана, дәрігерлік бекет, асxана, спорт залы, шаxмат пен тоғызқұмалақ және кір жуу бөлмесі бар.


Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар

Біздің ту танымал

Қазақстан • Бүгін, 08:13

Агроэкспорттың жаңа кезеңі

Шаруашылық • Бүгін, 08:10

Машина жасау саласының қуаты

Саясат • Бүгін, 08:00