Тәрбие • 13 Сәуір, 2017

Кемел адамгершілік керек

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі сәт са­йын өзгеріп жат­қан әлемде адам мен оның же­ке қа­си­еттері, әле­у­е­ті, та­­­­рихи сана­сы мен ұлт­­­­­тық жа­ды, білім-бі­­­лі­гі, ын­та-жігері, ма­­­­шы­ғы, барлығы үл­­­­кен дә­ре­жеде қо­ға­м­­ның эко­но­ми­ка­лық дамуы мен өмір­лік күш-қуатының бастау-бұ­ла­ғы­на айналды.

Кемел адамгершілік керек

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғы­ру» атты мақаласы «Қазақ­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты ел хал­қына Жолдауында айтылған ойлар мен идеяларды әрі қарай дамыта, байыта отыруымен мазмұнды. Сондай-ақ рухани жаң­ғыруға, заманауи әлемді қайта құруға және ұғынуға қабілетті, бәсекеге лайық ма­ман­д­ардың дамуын үйлесімді қа­лыптастыруға үлкен маңыз беретіндігімен ерекшеленіп отыр.   

Тарихи дәуірлер мен кезең­дер­дің қайсысын алып қарасақ та, ұлы ойшыл даналар мен саясат­керлер елдің рухани әлеуетін да­мыту қажеттілігі жөнінде, мем­­лекеттік институттың осы ба­ғыттағы рөлі туралы ай­тып ке­леді. Біздің заманымызд­а бұл дәстүр «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты жаңа бағ­дарламалық құ­жа­тын­да көрініс тауып отыр.

Президент Н.На­зар­баев тұл­ғаларды қа­лып­тастыруда уни­­­вер­ситеттер­дің ма­­­ңызды орны бар еке­­нін атай отырып, әлеу­меттану, фи­ло­со­фия және пси­­хо­­логия бағытындағы гу­ма­ни­тар­лық саланы күшейту ту­ралы сөз қозғады. Еліміздің өс­келең жас буынына қарата айт­қан сөзінде жастарды руха­ни, адамгершілік тұрғыдан кемел болуға шақырды. Өйткені инно­вациялық әлеуетті же­т­кі­зуші және құнды ресурстарды жүзеге асырушы жастар бол­мақ.  

Жоғары мектеп оқыту­шысы және психология магистрі ретінде мен үшін бұл құжаттың маңыздылығы жоғары. Өйткені мақалада қоғамымыздың қуатты қыр­ларының негіздері егжей-тегжейлі жазылған. Яғни, Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы – қазақстандық қоғам­ның рухани жаңғыруы­на негіз болып отыр.    

Людмила ГИТИХМАЕВА,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары


Соңғы жаңалықтар

Біздің ту танымал

Қазақстан • Бүгін, 08:13

Агроэкспорттың жаңа кезеңі

Шаруашылық • Бүгін, 08:10

Машина жасау саласының қуаты

Саясат • Бүгін, 08:00