Әлем • 15 Сәуір, 2017

ШЫҰ саммиті астанасының таныстырылымы өтті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 сәуірде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының штаб-пәтерінде «Астана - ШЫҰ саммитінің және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы» видео таныстырылымы және фото көрмесі өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

ШЫҰ саммиті астанасының таныстырылымы өтті

Шараны ШЫҰ Хатшылығы мен ҚХР-дағы ҚР Елшілігі ұйымдастырды. Оған Бейжіңде жұмыс сапарымен жүрген Астана әкімі Әсет Исекешов пен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер дипломаттары қатысты. 

«Біз ШЫҰ саммитін қабылдаған төрағалық етуші мемлекет астанасының тұсаукесерін алғаш рет жасап отырмыз. Бұл біз үшін ерекше оқиға, сонымен бірге алда тарихи оқиға күтіп тұрғандықтан, бұл бізді екі есе толқытады. Астанада 12 жыл бұрын Үндістан мен Пәкістан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы ретінде қабыданды. Биыл осы екі ел толыққанды мүше болады деп күтіп отырмыз», - деді кіріспе сөзінде ШЫҰ бас хатшысы Рашид Әлимов. 

Ол өткен аптада Астанаға келгенін еске салды. 

«Бұл ғаламшар бойынша әлемдік астаналар  алқасының жарқын інжуі деп атауға болатын өте әдемі, жылы, қонақжай, жарқын қала екенін айтқым келеді», - деді дипломат. 

Өз сөзінде Астана әкімі Әсет Исекешев ШЫҰ саммитіне және ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалып жатқанын, ал ҚХР-дағы ҚР Елшісі Ш. Нұрышев - ШЫҰ-да Қазақстанның төрағалық етуі туралы айтты.