Жазғы спорт • 15 Сәуір, 2017

Қарағандылықтар Түркияда паралимпиадалық жарысқа қатысады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің шәкірттері мамыр айында Түркияда жасөспірімдердің паралимпиадалық жарысына қатысады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қарағандылықтар Түркияда паралимпиадалық жарысқа қатысады

«Біздің 13 тәрбиеленушілеріміз осы жарысқа қатысады, - дейді колледж директорының орынбасары Зәуреш Түсіпова. - Олар спортпен белсенді айналысады, олар ұдайы педагогтармен жұмыс істейді. Жаттығулар күнде өтеді». 

Команда «спорттық бағдарлау» дисциплинасында күш сынасады. Алдағы уақытта колледж педагогтары басқа спорт түрлеріненде командалар жасақтайды. Колледждемүмкіндігі шектеулі балалар арналған гимнастика мен футбол секциялары бар. Қазіргі кезде оқушылар облыстық және республикалық жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.