Бокс • 15 Сәуір, 2017

Қазақ боксшылары АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін АҚШ-тың Анкасвилл қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақ боксшылары АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қос жерлесіміздің кездесуі Астана уақытымен ертең, яғни 16 сәуір күні  таңертең өтеді. 

Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) мексикалық Хавьер Ольверамен (1-0, 1 КО) алты раундқа созылатын кездесуге шығады. Боксшылар орта салмақ лимитіне лайық болды (160 фунт - 72,6 келі). Ал екінші отандасымыз Мадияр Әшкеев (7-0, 3 КО) америкалық Шон Кэмеронмен (10-2, 5 КО) жұдырықтасады. Екеуі де бірінші орта салмаққа лайық болды (154 фунт - 69,9 келі). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі кубалық Саливан Баррера (18-1, 13 КО) мен АҚШ боксшысы Пол Паркердің  (8-1, 4 КО) арасында өтеді.


Соңғы жаңалықтар