Теннис • 15 Сәуір, 2017

Зарина Дияс ITF Women's Circuit турнирінің финалына шықты

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдағы ITF Women's Circuit турнирінің финалына шықты, деп хабарлады vesti.kz.

Зарина Дияс ITF Women's Circuit турнирінің финалына шықты

Отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Енді Зарина Диас финалда Ли Я Хсуаньмен кездеседі. Турнирдің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды.

Зарина Дияс осыған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық Мияби Инуэні (543) 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Ал ширек финалда жерлесіміз тағы бір жапониялық теннисші Миникошиді екі сетте 0:6 1:6 есебімен ойсырата ұтты.