Қазақстан • 17 Сәуір, 2017

Дүние сүйсінген Димаш

201 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алаш оғыланының үніне әлем тамсанды. Тамсанды да таңдай қақты. Аспанасты елінен әуелеген қазақ баласының әні төрткүл дүниені тамылжытты. Һәм табындырды. Жер беті Димаштың даусына елтіп тұр. Жаһан Димаштың жеңісін сүйіншілеп, жар салуда.

Дүние сүйсінген Димаш

Әсіре әсерсіз сөз – осы. Қы­тайдың Чанша қа­ла­­­сында қаң­тардың ор­та шенінде бас­талғ­ан «Singer-2017» байқауы сен­­­­бінің кешінде мәресіне жет­­­ті. Күллі дүние көз тік­­кен беделі биік додада бақ сы­­на­ған қандасымыз Ди­маш Құдайберген екін­ші тұ­ғырдан көрінді. Жан­кү­йер­лердің дені әттеген-ай десе де, гон­кон­гтік ән­шінің (Sandy Lam) жер­ле­сі­мізден бір тұтам іл­ге­рі озғ­ан­дығы заңды да. Өйткені, жа­ры­с­тың да, жүлденің де иесі – жер бе­тіндегі ең көп халық.

Сөзіміз тұшымды болу үшін, бай­қау барысынан аз-кем баяндасақ. Димаш­тың даңқын асқақтатқан до­да­­ның он төрт кезеңінде де қазақ ба­ла­­сы үнемі үздіктердің қа­та­ры­нан кө­рінді. Шын дарын мен саф та­ла­нтқа бас иген миллиар­д­-

­тар қан­да­сымызды «Азия­ның ең танымал ән­ші­сі» ата­ғымен марапаттады. Бұ­­ған қоса, әнші «17th China Music Awards» шара­сында «Ха­лықаралық дең­­гейдегі та­нымал әнші» жүл­де­сін де қан­жығасына байлады.

Бірінші кезең бәріміздің есі­мізде. Француздың «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындап, көрермен қо­ше­ме­ті­не бөленген Димашты қы­тай­­лық музыка мамандары сол кезде-ақ «Тә­ңір на­за­ры­­на ал­ған әнші» деген. Ал біз­дің ән­­ші­­мізге еліткен ұлттың ба­­­қандай

3 миллион табыну­шы­сы қа­зақша үй­рене бас­та­ды. Димаштың ал­ғашқы әні­­нен кейін әлеу­меттік мик­ро­­­бло­гына жа­зы­лушылардың са­ны бір са­ғат­та 35 мыңнан 118 мың­ға жет­ке­нін қай­терсіз.

Келесі бәсекеде Димаш ре­­сейлік әйгілі әртіс Ви­тас­тың «Опера 2» атты шығармасын аса жоғары дең­гейде шырқап, ме­рей­і­міз­ді үстем еткені ес­те. Сол тұста ғой көпшілік оны «Екін­­­ші Витас» атағаны. Алай­­да,  туған то­­пырағын кие тұ­татын  әнші «Мен қа­­зақ­тың Димашымын» деді.

Иә, бас жүлдені енші­ле­ме­се де Димашты әлем таны­ды. Оның орын­дау­шылық ше­берлігі мен еш­кім­ге ұқ­с­а­майтын ерекше дау­сына әлемдік сах­на­да­­ғы өнер жұл­ды­зы Лара Фаб­иан таң­данып, атақ­ты актер Джеки Чан бет­­пе-бет жүз­десуге келді. Ди­маш мық­­ты­лардың ығына жы­­ғыл­май, өз ұлтының на­мы­­­сын биік ұстағаны да абы­рой болды.

Ұлттық на­мыс дегеннен шығады, ән­­ші­­міз­ден  жанкүйерлері «Сүй­­ік­ті кі­табың қандай?» деп сұ­раса, Мұхтар Әуезов­тің «Абай жолы» романы туралы ай­тып беріпті. Содан кейін әде­­биетіміздің классикалық туын­­ды­сы­ның қытай тілін­де­гі аудар­ма­сының сатылымы да к­ү­рт артқан кө­рінеді. «Ди­маш оқыған кітапты біз де оқу­ымыз керек» дейтін өз­ге ұлт өкіл­дерінің шоғыры қа­лың. 

Жетінші кезең ше?.. Ж­е­­тінші ке­зең­де Димаш өз ре­пе­ртуарындағы «Дай­ди­­дау» әні­мен тың­дар­ман­­дар­дың жанын те­бі­рент­ті. Қытай жұрты қа­зақ­­­тың саф ұлт­тық өнер на­­қышына тәнті бол­ды. Қа­зақ баласының әні­нен кей­­і­н оның жобадағы әріп­те­сі, қытай­лық әнші Ли Жян: «Димаштың әні аса шы­­найы шықты. Оның бұл ән­ді жанына сіңіргені бай­­қа­лады. Димаштың кө­зін­де өмір­­дің сан қырын көрген адам­­ның бейнесі бар. Бұл оның әртістік қабілеті емес, та­ланты», деп әділ бағасын бер­ді.

Осы жоба Димашты Қы­тай еліне танытса, Димаш та аталған байқауды бас­қа  шет елдерге танытты деу­ге бо­­­лады. Себебі, ол ағыл­шын, орыс, француз, италь­ян тілдерінде әндер шы­р­­­қа­ды. «Қытайда Димаш пен Қазақ­­с­тан қазір егіз ұғым­ға ай­­налды. Мен мұны өз кө­зім­­мен күн сай­ын көремін. Ди­­­маш­ты Қы­тай­дың тоқ­сан пайызы біледі де­сем, өті­рік болмас» дейді әнші­нің менеджері Алпамыс Шаримов.

Оның айтуынша, жанкүйерлері Димаш сахнаға ки­іп шыққан киімді кигісі, оның қо­лындағы заттарды ұстағысы келеді екен. Енді біздің ұлдың бейнесімен ком­пьютерлік ойындар шықпақ. Он­да да Димаш көрермендерімен «Да­й­дидауды» салған бейнесімен жүздеседі.

Соңғы бәсеке жайында бірер сөз.  Димаш онда өзін «Музыка саласына төңкеріс әкелген талантты әнші» деп мойындаған қытайлық танымал өнерпаз Шан Вэньцземен қосылып, Майкл Джексонның «Earth Song және Dangerous» әндерін орындады. Қытайдағы ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерінде қан­дас­ы­мызды жобадағы «Супер әнші», «Singer-2017» тележобасының брен­ді» деп бағалағандар да кездеседі. Мил­лиондаған пікірлердің ішінде Қытайдағы танымал «Netease» сай­ты­ның пікірі былай өрбиді: «Ди­маш жо­бада жарқырап көзге түсті де, көк­жиекті жарып шыққан қанатты тұл­пардай әлем кеңістігіне самғады. Ол жо­ба барысында миллиондаған жандар­ды өзіне тәнті етіп, аудиториясына терең махаббат дарытты. Финалдың нәтижесі қалай болса да, Димаш бұл жобаның жеңімпазы».

Айта кетейік, жүлдегерлердің тағдырын көрермен залында отырған 500 адам шешті. Олар ақырғы жеңісті тартысқа толы бәсекеде барлық кезең бойынша Димашпен үзеңгі қағыстырып келе жатқан Sandy Lam-ға берген.


Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»