Әлем • 17 Сәуір, 2017

АҚШ-Ресей-Қытай қарым-қатынасы қандай бағытта өрбімек?

645 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта АҚШ-Ресей-Қытай үш жақты қарым-қатынасында жаңа тенденциялар байқалуда. Өткен аптада болған Қытай-Америка диалогы сарапшыларды осындай пайымға жетелеп отыр.

АҚШ-Ресей-Қытай қарым-қатынасы қандай бағытта өрбімек?

Бүгінде Құ­рама Штат­тар президенті лауазы­мында отырған кезде Трамп­тың по­пулистік ұран­дарын Қытай-Америка стра­тегия­лық диа­ло­гының безбенделген тезистері ал­мас­тырды. Соның нәти­жесінде Си Цзиньпин мен Д.Трамптың кездесуі барысында та­раптарға бүтіндей бір сезімтал мәселелер бойынша уағдаласудың сәті түсті.

Соның ішінде Вашингтон «бір Қытай» қағидатын ұстану жөнінде уәде берді. Қытайдың жетекші газет­терінің жазуларынша, Си мен Трамптың кездесуінің қорытындысы АҚШ пен Қытай басшы­ларының жаңа форматтағы мемлекетаралық келіс­сөздер өткізуі үшін қажетті іргетас қалаған.

Сонымен бірге, екі ел президент­тері ыстық нүк­телердегі ахуалдарды талқы­лауға айрықша тоқталған. Сарап­шылардың пікірінше, америкалықтарға Қытай тарабын ҚХДР-ды сабырға шақыру қажет­тігіне сендірудің орайы келген. Соның нәтижесінде Трамп келесі аптада-ақ Пхеньянның кезекті бомба сынауына жол бермеуі үшін Солтүстік Корея аумағына ескер­ту ретінде соққы жасауға дайын екендігін мәлімдеді.

Қытай баспасөзі бұл жа­ңа­­лықты сақтықпен қа­был алды. Америкалық авиа­т­а­сығыш­тардың Қытай аума­ғына жақын болуы Пе­кинге ұнамайды. «Жэнь­мин жиабо», «Глобал таймс», Синьхуа сияқты шешуші басы­лым­дарда Корей түбегіне қа­тыс­ты америкалық жоспарды сынаған мақалалар жарияланды.

Екінші жағынан АҚШ-тың Сириядағы белсенді іс-қи­мыл­дары іс жүзінде Бей­­жіңнің ешқандай реакция­сын туғыз­ған жоқ. Тіпті, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Си­рия проблемасы бо­йынша дау­ыс бе­рудің өзі ҚХР пози­циясының өзгергенін көр­сетіп берді. Бұрын барлық дауыс беруде Қытай Ресеймен бірге қарсы дауыс беретін. Осы жолы, өткен аптада Сирия бойынша қарарға дауыс беру кезінде ҚХР қа­лыс қалып, сол арқылы бүтін­дей алғанда америкалық көзқарасты қолдайтынын көр­­­сетті. Бұл сәтті Мәскеу мей­лінше теріс райда қабыл­дады.

Бірнеше күннен кейін амери­калық әскерилер тағы бір зымы­рандық соққы жасады. Бұл жо­лы Ауғанстан территориясы бойынша. БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, АҚШ ДАИШ тер­рорлық ұйымының және оның Ауғанстандағы мүшелерінің тер­­риториясына ядролық емес «аса ірі бомба» тастаған.

РБК газеті ММХҚИ Талдау орталы­ғының дирек­торы А.Ка­зан­цевтің пікірін келтірген, ол бол­са Ресей үшін АҚШ-тың зы­мырандық соққысы маңызды емес, өйткені, Вашингтон өз жау­ап­­кершілігі аймағында іс-әрекет жасауда дегенді айтады. «Өз рейтингін сақтау үшін Трамп­­қа жеңіс қажет, сондықтан да ауған­дық бағыт таңдап алынып отыр», деп мәлімдеді Казанцев.

АҚШ-тың осындай әскери операциялар жүргізу жоспарында қауырт белсенділікке көшуіне байланысты сарапшыларда Корей түбегінде соғыстың басталып кетуі жөнінде елеу­лі қауіптер пайда бола бастады.

Сирия мен Ауғанстанға жасал­ған зымырандық соқ­қылар Ресей-Америка қарым-қатынастарына белгілі бір шие­леніс әсерлерін енгізді. Осылайша бір апта бойы америкалық баспасөз Трамп­тың Ресейге қатысты пози­циясының өзгергені туралы жаза бастады. АҚШ Кон­гресінде Ресейге қатысты жаңа санкциялар жобасы ұсынылды. Мамандардың пайымдауынша, бұл шаралар пакеті таяу уақыттарда қабылдануы мүмкін.

Осындай жағдайда, АҚШ мем­лекеттік хатшысы Р.Тил­лерсонның Ресейге сапары ай­тарлықтай күрделі формада өтті. Кейбір дерек көздердің ха­бар­лауынша, Тиллерсон мен Лав­ровқа ешқандай нақты уағда­ластықтарға қол жеткізудің сәті түспеген. Әрине, кездесу тараптардың ұстанымдарын жақсырақ түсінуге көмектесті. Деген­мен, Ресей тарабының Си­риядағы химиялық шабуыл­ды егжей-тегжейлі анық­тайтын арнайы топ құру тура­лы ұсынысы жауапсыз қал­ды.

Сонымен бірге, Ре­сей сыртқы саясат ведом­ство­сының басшысы С.Лавров «АҚШ-тың Шай­рат әуе­жайына жасаған зымы­рандық шабуылының мейлін­ше арандатушылық рөлге ие екендігін атап көрсеткім келеді», деп мәлімдеді.

Жоғарыда айтылғандар көрсетіп отырғандай, АҚШ-Ре­сей-Қытай үш жақты қа­рым-қа­тынастарында белгілі бір өзгерістер орын алуда. Дәстүрлі Сирия проблемасына енді КХДР мен Ауғанстан төңірегіндегі ахуал қосылып отыр.

Қалыстасқан жағдайға қарағанда, Солтүс­тік Ко­рея проблемасы таяу уа­қыттарда неғұр­лым кө­кей­кесті мәселелердің біріне айналмақ. ҚХР СІМ басшысы Ван И-дің мәлім­деуінше, Солтүстік Корея төңі­регіндегі жанжалдың кез келген сәтте тұтанып кетуі мүмкін. Қытай тарабы жағдайды ушықтырмау үшін қажетті деген барлық күш-жігерді шұғыл түрде жұмсау керектігін ұсынуда. Қытай маман­дарының айтуынша, ҚХДР төңі­регіндегі жанжал бастала қалған жағ­дайда, онда жеңімпаздар болмайды. Оның үстіне өткен аптада Корей халық армиясының бас штабы Вашингтон тарапынан арандатушылық әрекеттер бола қалған жағ­дайда АҚШ-қа алдын ала соққы жасауға дайын екен­діктерін мәлімдеген болатын.

Солтүстіккореялық зы­мы­рандардың Оңтүстік Корея, Жапония немесе АҚШ-қа жете­ріне не­ме­се жетпесіне қарамас­тан, Пхеньянның зымыран­дық соққы жасауға дайын­ды­ғының өзі бүкіл адамзат алдында зор қауіп-қатер туындатады. Мұн­­дай жағдайда әлем жаңа бір аса ірі соғыс табал­дырығында тұр деуге болады. Бұл ретте көп мә­селе бүгінде басталып кеткен АҚШ, Қытай және Ресей ара­сындағы стратегиялық саудаға байланыс­ты болмақ.

Руслан Ізімов