Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

Кемел келешекке қарқынды қадам

198 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағ­дар: ру­хани жаңғыру» ат­­ты бағдарламалық ма­қа­­ла­сында ХХІ ғасырдағы ұлт­тық сана туралы өз ой­ын орнықты көзқарас не­гі­зінде ортаға салып, таяу жыл­дардағы міндеттерді де түсіндіріп берген болатын. Елбасы жыл басында жа­­риялаған Жолдауында да Қазақстанның үшін­ші жаң­­ғыруының аса ма­ңыз­ды­­лығына тоқ­тал­ған еді. Ен­ді толыққанды жаңғыру жо­лындағы ұлттың міндеті қан­дай деген сауалға да Ел­басы мақаласынан жау­ап табуға болады. Бо­лашақ пен өткенді үй­ле­сімді сабақтастыру идея­сынан туындаған Ме­м­лекет басшысының бағ­дар­ламалық мақаласын Жам­был жұртшылығы да жы­лы қабылдады.

Кемел келешекке қарқынды қадам

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік универстиетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Рухани жаңғыру – мемлекеттің ті­­регі, халықтың жігері» атты об­лыс­тық форум өтті. Форумға об­лыс әкі­мі Кәрім Көкірекбаев қа­ты­сып, баяндама жасады.

–  Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы сәттерінен бастап Елбасы саналы қоғам орнатуды, оның басты қағидаттарына ұлттық құндылықтарымыз негіз болатынын шаршамай, талмай үздіксіз айтып келеді.

Рухани өрлеу біздің қоғамға аса қажет және біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі. Өйткені, барлық дүние сана-сезімнен бастау алады. Бұл – мазмұны терең тарихи мақала. Ұлт руханиятын өркениет би­і-

гіне шығаратын  үлкен бағ­дар­­ламалық құжат, – деді облыс басшысы. Сондай-ақ, Кәрім Кө­кірекбаев «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламаларының өңір үшін де өркенді істерге бастамашы бол­ғанын айта келіп, Елбасы м­а­қаласында айтылған ағылшын ті­лін үйренудің маңыздылығы, ла­тын әліпбиіне көшу қажеттігі тө­ңірегінде де өз ойын ортаға сал­ды.

Форум барысында сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков рухани жаңғырудың ғылыми негіздеріне тоқталды. Сондай-ақ, білімнің салтанат құруы жөнінде де пікір білдірді.

Елбасы өзінің бағдарламалық ма­қаласында ХХІ ғасырдағы ұлт­тық сана туралы кеңінен сөз еткені белгілі. Тараз Мем­ле­кеттік педагогикалық инс­ти­тутының ректоры Дария Қо­жамжарова өткен ғасырдағы қазақ халқының тағдырына байланысты жайларды баяндай келе, ХХІ ғасырдағы ұлттық және тарихи сана төңірегінде қалыптасқан ойымен бөлісті. Ал жазушы-драматург Елен Әлімжан, Қазақстанның халық әр­тісі Мәкен Рахымжанова елі­міз­дің мәдени-рухани дамуы тө­ңірегінде әңгімеледі.

Елбасы ағылшын тілін үй­ре­нудің маңыздылығын әрдайым ай­тып келеді. Сондықтан да, жас­тардың тіл үйренуде табанды болуы жарқын болашақтың ке­пілі бола алады. Бұл тұр­ғы­да Әулиеата өңірінде тіл бі­летін, бәсекеге қабілетті жас­тар баршылық. Соның айғағындай, М.Х.Дулати атын­дағы Тараз Мемлекеттік уни-верситетінің студенті Сағи Ал­тынкоп Елбасы мақаласына бай­ланысты өз ойын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жет­кізді.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»  

Жамбыл облысы