Парламент • 17 Сәуір, 2017

Корпорацияның жұмысымен танысты

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының нысандарын аралап, көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Корпорацияның жұмысымен танысты

Сенаторлар бірінші кезекте Ақмола облысы бойынша Целиноград аудандық Халыққа қызмет көрсету департаментінің №1 аудандық бөлімінде болды. Одан кейін Астана қаласындағы жер кадастры және жылжымайтын мүліктерді техникалық тексеру департаментінің директоры Е.Ташпенбетов депутаттарды осы мекеменің жұмысымен таныстырды.

Сенат депутаттары Астана қалалық «Әлеуметтік төлемдерді ве­домствоаралық есептеу орта­лы­ғы» дирекциясының қарсы жә­не бэк-­кеңселерінде болды. Оның жұ­мысымен осы ди­рек­ция­ның директоры Б.Жү­нісов хабардар етті.

Көшпелі отырыс кезінде Се­нат­тың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кә­сіп­­керлік комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев есеп беретін Үкі­мет­­ті қалыптастыру аясында «бір терезе» қағидасы бойынша же­ке және заңды тұлғаларға мем­лекеттік қызмет көрсетулер са­­ласындағы «Азаматтарға ар­нал­­ған Үкімет» корпорациясы қыз­метінің маңызы зор екенін атап өтті.

Шара барысында Ақпарат және коммуникациялар минис­трі Д.Абаев, Ұлттық экономика министрінің орынбаса­ры А.Жұмағұлов және «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқар­масының төрағасы А.Оспа­нов ұйымның келешегі мен өзекті мәселелері туралы баяндама жасады.

Сенат комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев отырысты қоры­тын­дылады. Ол корпорация қызметінің тиімді жақтарын атап өтіп, түрлі анықтамалар мен құ­жаттар алу бағытында әкім­ші­лік ке­дергілер мен мерзімін қыс­қар­ту­ға қатысты бірқатар ұсы­ныс­тар айтты.

Сенатор, сондай-ақ, Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» бағдарламалық мақаласының ма­ңызды мәселе­леріне тоқталды. Онда бұл құ­жат Қазақстан Пре­­зи­денті реформаларының заң­ды жалғасы екені  атап көр­се­тілді. А.Бейсенбаев мемлекет бас­шысының «Бола­шақ­та ұлт­тың та­бысты болуы оның таби­ғи бай­лығымен емес, адам­дары­ның бә­секелік қабіле­тімен айқын­да­ла­ды», деген дәйек­сөзінің ма­ңыз­ы­на назар аударды.