Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

​Дәрігерді өлтірген күдікті Қостанайда ұсталды

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан екі ай бұрын облысқа белгілі психиатр дәрігер Рашида Сандыбаеваны айуандықпен өлтіргені туралы хабар бүкіл елді шулатқан еді. Оны өлтірді деген күдікті Руслан Ғафаров ізін суытып, оған іздеу жарияланған болатын.

​Дәрігерді өлтірген күдікті Қостанайда ұсталды

Қанішер алысқа ұзамапты, жедел-іздестіру шараларын үзбей жүргізген облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері оны Қостанай қаласында пәтерлерде жасырынып жүрген жерінен ұстады. Облыстық ішкі істер баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 2 ай бойы қалада пәтерде тығылып отырған, 17 сәуір күні түске дейін қолға түсті. 

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 20 ақпанында облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны белгісіз біреулер өз пәтерінде пышақтап өлтірген болатын. Кешенді жедел-іздестіру жұмыстарының арқасында осы қасіретті оқиғадан көп ұзамай бұрын сотталған 40 жастағы және 25 жастағы екі адам, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы әйел ұсталған болатын. Олар сот процесіне дейін қамауда, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ


Соңғы жаңалықтар