Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

Атырауда бата беруші қариялардың қалалық байқауы өтті

691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда батагөйлер бақ сынады. «Алашорда» қозғалысының 100 жылдығына және еліміздегі ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай бата беруші қариялардың қалалық байқауы ұйымдастырылды.

Атырауда бата беруші қариялардың қалалық байқауы өтті

Бата беру дәстүрін дәріптеу, жас ұрпақты жоғары адамгершілікке, сөйлеу мәдениетіне, рухани тазалыққа баулуды мақсат еткен шараға 18 батагөй қатысты. Ұлттық құндылықтар дәріптелген байқауда дәстүрлі өнер де шет қалмады, жыршы-термешілер кештің көркін келтірді. 

«Батамен ел көгерер» атты байқаудың бас жүлдесін атыраулық Ақмырза Батырқайыров жеңіп алды. Уахит Әділов бірінші, Тілекқабыл Мұратолла екінші орындарды иеленді. Ал үшінші орын Саясат Рахметов пен Малдыбай Нығметовтің еншісіне бұйырды.

- Ұлт мұрасын ұлықтайтын ұлағатты шараны Атырау қалалық әкімдігі жыл сайын ұйымдастырады. Бұл – ата салтын жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған қадам, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Ардақ Жуасов.

Бақытгүл БАБАШ, 

«Егемен Қазақстан». 

АТЫРАУ. 


Соңғы жаңалықтар