Еріген қар суының толассыз құйылуы салдарынан Жембарақ өзені ернеуінен аса жайылып, жол қатынасы үзілген.
– Жағдай жіті бақылауда тұр. Қауіп сейілгенше, көмек үзілмейді. Осындай қатердің болатыны күнібұрын ескеріліп, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры қамтамасыз етілді, – дейді құтқару қызметінің өкілдері.
Разгульное ауылында 500-ге жуық тұрғын бар. Тұрғындардың жаңа көпір салу жөніндегі ұсынысы экономикалық жағынан тиімсіз деген себеппен аяқсыз қалып келеді.
«Осы жолғы апат зардаптары мен келтірілген шығын жергілікті басшыларды ойландыруы тиіс. Жыл сайын темірден құрастырылған көпірді су шайып кетіп, әуре-сарсаңға салады», дейді жергілікті тұрғындар.
Рощинск-Корнеевка бағытындағы автокөлік жолын да су алып, маңайға қосымша күштер жіберіліп, техника мен қайықтар саны көбейтілген.
Өмір ЕСҚАЛИ
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы