Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз желдің екпіні 23 м/с-ға дейін күшеюі ықтимал, кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз желдің екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында найзағай күтіледі. Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.