Қазақстан • 18 Сәуір, 2017

Ұлттық кодын ұлықтағандар озады

200 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлт мұратын безбендеген Елба­сының «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты «Егемен Қазақ­стан» газетіндегі мақаласы елді елең ет­кіз­гені санаулы сағаттарда-ақ бел­гілі болып үлгерді. Тіпті, біз­­дің же­­­дел­­­ділігімен баршаны таңдан­дыр­­­ған әріптестеріміз − мүйізі қа­ра­­ғайдай шетелдік ақпарат құрал­дары­ның шұғыл пікір білдіруі тегін емес. Себебін оқырман қауым­ның бағамдап үлгергеніне де шү­бә­­міз жоқ. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы қара­пайым халықтың жүрек түк­пірінде бүлкілдеп жатқан өзек­жар­ды ойларды тереңнен тара­зылап, ұлтымыздың бүгіні мен бола­шағы хақындағы атан түйеге жүк боларлық аталы сөздерді халқына ақтарыпты.

Ұлттық кодын ұлықтағандар озады

Әсіресе, әлемді ғаламтор жау­лап алған қазіргі заманда «сана-сезі­міміз бен дүниетанымымызға әб­ден сіңіп қалған таптаурын қағи­далардан арылмасақ, көш басын­дағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» екенін шегелеп айтуы кездейсоқтық емес.

Ғаламдық өркениеттің көшіне ілесу үшін жеке ұлт болып қалудың маңызы ерекше зор.Тарлан тарихта тілі мен руханиятынан ада бо­лып, ұлт ретінде жойылып кеткен қауымдар аз емес. Солардың кебін кимеу үшін тек өз ұлтымызға ғана тән ерекшелікті, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сақтап қалып, келер ұрпақтарымызға жеткізу ең қасиетті міндеттеріміздің бірі.

Осы орайда Президентіміз: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тере­ңі­нен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаң­ғыру­дың ең басты шарты – сол ұлт­тық кодыңды сақтай білу. Он­сыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаң­ғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаман­ның бәрін, яғни болашаққа сенім­ді нығайтып, алға бастайтын қа­сиет­терді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық» деп көптің көкейінде жүрген ой сұл­ба­сын қабырғалы ой тарам­дарымен өте салмақты байып­тапты. Шынында ұлттық кодын баға­лап, оны қасиетті құнды­лық ретін­де ұстанып келе жатқан елдер тарих көшінің басында тұрғанын қазір көріп отырмыз. Енді осы өрелі ойлардың өмірде жүзеге асы­рылуына баршамыз, әсіресе бұ­қаралық ақпараттық құралдары мол үлес қосуы ауадай қажет.

Демек осы тұрғыда арнайы мем­ле­кеттік бағдарлама жасалса тіпті құба-құп болар еді. Себебі, бү­гін­гі таңдағы ақпараттық комму­ни­ка­ция құралдарының мүмкіндігі шексіз. Дәстүрлі БАҚ-та ғана емес ғаламторда да аудио-видео өнім­дерді көрермен, тыңдарман наза­ры­на ұдайы, жүйелі, жоспарлы түр­де әрі мемлекеттік деңгейде ұсы­нып отырсақ оның жемісі мол бола­тыны дау туғызбайды. Бас ре­дак­торлар клубы да осы ретте өзін­дік үлес қосуға әзір. Расында, бұл көп болып қолға алынатын, жү­зе­ге асырылатын тірлік. Ендеше, бүкіл зиялы қауымды осы ұлт келешегі жолындағы іргелі іске жұмылдырайық.

Қазақстанның Бас редакторлар клубы ҚБ


Соңғы жаңалықтар