Қазақстан • 18 Сәуір, 2017

​Қарағанды облысында сафари-парк ашылмақ

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қарағанды облысында дала жануарларын көруге болатын парк ашылмақ. Қазір «Бұйратау» ұлттық паркінде тиісті аумақ абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

​Қарағанды облысында сафари-парк ашылмақ

- Біз әлемдік қорықшылардың тәжірибесін қолданамыз, мысалы, АҚШ-тағы Йеллоустоун паркі, - деді «Бұйратау» ұлттық паркінің теризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраева. – Қазіргі кезде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, парктің маршруты жасалуды. Сафаридің ашылуы ЭКСПО көрмесіне орайластырылмақ. 

Келушілер, бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, як, марал, сұр тырна, саршұнақ, суыр, құр мен басқа да Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды тамашалай алады. Жануарларды көруге және фотосуретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынады.

Бүгінде «Бұйратау» қорығына Абай көшесі, 13 мекенжайы бойынша Молодежный ауылындағы кеңседе баж төлеп және билет сатып алып баруға болады. Немесе бірден Ұлттық паркке келуге болады. Парк аумағына кіреберісте орналасқан өткізу бекеттерінде туристерге нұсқаулық беріледі. Қорық аймағында бір тәулік болған үшін бір адам бір мың теңге төлейді. Бұл бағаға паркті аралауға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп, палаталық қалашық орнатып, Бозайғыр мен Әжібай өзендерінде қармақпен балық аулауға, сондай-ақ, археологиялық қазба орындарын тамашалауға болады. Ғалымдар парк аумағында VI-VII ғғ. сақ мәдениетінің ескерткіштерін тапты.

Соңғы жаңалықтар