Қазақстан • 18 Сәуір, 2017

Тұрғын үйге сұраныс артып тұр

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінде де тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Қазір облыс бойынша 17700 адам баспана кезегінде тұрса, биыл олардың 1,5 мыңдайы жаңа баспаналарға көшіп, дені «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы қол жеткізбек.

Тұрғын үйге сұраныс артып тұр

Жайлы баспанаға деген мұқтаждықты қанағаттандырудың, оңтайлы шешудің жолдары көп. Солардың бірі – халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалгерлік тұрғын үйлер салу. Бүгінгі таңда бұл санаттағылар үшін екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 212 отбасы баспанаға ие болады. Сол сияқты Елбасы тапсырмасына орай жекеменшік үйлер тұрғызу мақсатымен тиісті жер телімдері бөлініп, қажетті инфрақұрылым тұрғысынан да қолдау жасалуда. Мәселен, Петропавл қаласы маңындағы Солнечный кенті аумағынан 740 гектар жер телімі босатылып, сумен, жарықпен қамтамасыз етіледі. Кенттің инфрақұрылымдық жүйесіне Ұлттық қордан 1,3 миллиард теңге бағытталған. 

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Владислав Лукиннің айтуынша, 2015-2019 жылдарды қамтитын «Нұрлы жол» бағдарламасы шең­берінде «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» бөлген 3,4 миллиард теңгеге облыс орталығында 10 көп қабатты тұр­ғын үйдің құрылысы басталып, үшеуі пай­далануға берілді. Қалғандары жыл ая­ғына дейін іске қосылады. Яғни, 600 пә­тер өз қоныстанушыларына есік­терін ай­қара ашады деген сөз. Көп­қа­батты үй­лердің көптеп бой көтеруі ар­қа­сында «Береке» секілді сәулетті ық­ша­мауд­ан­дар пайда болды.

Жыл аяғына дейін барлығы 16 тұрғын үй қолданысқа берілсе, кезек саны 1446 адамға кемитін болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар