Президент • 18 Сәуір, 2017

​Елбасы мақаласы туралы серб ғалымының пікірі

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстанда» жарияланған бағдарламалық мақаласына серб ғалымы, Сербиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі «Альфа БК Университет» ректоры Славко Вукша пікір білдірді.

​Елбасы мақаласы туралы серб ғалымының пікірі

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысып шықтым, онда елдің келешек дамуына қажетті бағдарлар берілгенін сенімді айта аламын. 

Өзім ғылым мен білім беру саласының өкілі болғандықтан, Қазақстан басшысының әлемнің дамыған 30 елі қатарына кірудің маңызды факторларының бірі ретінде білім беру мәселесін ерекше назарға алуы ойымнан шықты.

Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азамат өзінің күш-жігері, білім алуға деген құлшынысы, өзін-өзі дамыту арқылы алға қойған мақсатына қол жеткізе алатынын атап өтеді. Қазіргі уақытта қарым-қатынастың заманауи технологияларын, шет тілдерін меңгеру міндетті талап болып отыр, осы арқылы әрбір адам тың ақпарат алып, басқалардың тәжірибесін үйренеді және алған білімі мен жинақтаған тәжірибесін өз елі үшін сарп етеді» деді профессор.

Сонымен қатар Славко Вукша мырза «Болашақ» бағдарламасының маңызы туралы да айтты.

«Мен «Болашақ» бағдарламасын бірегей бағдарлама деп санаймын, соның арқасында мыңдаған қазақстандық жастар әлемнің үздік университеттерінде білім алуға қол жеткізді. Әлемде осындай тиімді әдіс арқылы заман талабына сай, алған білімін практикада қолдана алатын мамандар даярлап отырған санаулы ғана ел бар.

Кез келген елдің өсіп-өркендеуіне жоғары білімі бар әрі қазіргі заман талабына тез бейімделетін адамдар қомақты үлес қосады. Әрбір адам білімге инвестиция салу, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылыс жасау қоғамның дамуына ықпал жасап, өзінің сұраныстағы маман болуын қамтамасыз ететіндігін түсінуі қажет» деді серб ғалымы. Және сөзін атақты серб ғалымының пікірімен аяқтайды.

«Әлемге әйгілі серб ғалымы Никола Тесланың: «Шамаңа қарай әрекет жаса» деген мәтелді білесіз бе?». Бұл - бос сөз. Адамның қолынан бәрі келеді» деген ұлағатты сөзімен бөліскім келеді» дейді Славко Вукша.


Соңғы жаңалықтар