Қазақстан • 18 Сәуір, 2017

Сауда ұйымының комитетін басқарды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас кеңесінің отырысында 2017 жылға ДСҰ-ның негізгі органдары төрағаларының тағайындалуы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сауда ұйымының комитетін басқарды

Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы елшісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Же­нева қаласындағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұй­ымдар жанындағы Қазақстан Рес­публикасының Тұрақты өкі­лі Жа­нар Айтжанова ДСҰ-ның Сауда жә­не қоршаған ортаны қор­ғау комитетін бас­қарды.

Бұл тағайындау ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің Қазақ­стан­ға деген жоғары сені­мін көрсетеді. Би­ыл­ғы 11-14 желтоқсанда Буэнос-Ай­рест­е (Аргентина) өт­етін ДСҰ Ми­нистрлік кон­фе­рен­ция­сын­ың же­місті қо­ры­тын­ды­ла­рына жету жо­лында ДСҰ ел­­дері арасындағы үн­қатысуды бел­сенділендіру жұ­мы­сы бой­ын­­ша ДСҰ орган­да­ры­ны­ң жаңа төрағаларына үлкен жа­уап­кер­шілік артылып отыр.

Ж.Айтжанова Қазақстан 2016 жыл­ғы қараша айында қосылған дамушы елдердің Азия аймақтық тобынан ДСҰ-ның Сауда жә­не қоршаған ор­таны қорғау  ко­ми­те­ті­нің тө­райымы ла­у­а­зымы­на та­ғайындалды. ДСҰ Сау­да жә­не қоршаған ортаны қорғау  комитеті 1995 жылы құ­рыл­ған.

Комитетті әр жылдары Ар­ген­тина, Сингапур, Мажар­стан, Словакия, Мысыр, Польша, Түр­кия, Малайзия, Фин­ляндия, Гонконг, Колумбия, Тайланд және Чили елшілері басқарған.

Соңғы жаңалықтар