Қазақстан • 19 Сәуір, 2017

Еңселі елдің мұраты

140 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Астана әкімдігінде елорда басшысы Әсет Исекешевтің қатысуымен Елбасымыздың «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылаған келелі жиын өтті.

Еңселі елдің мұраты

Жиынды Әсет Исекешевтің өзі жүргізді. Ел Президентінің мақаласы жайында салмақты сөз қозғады. Жиналғандарға ол туралы «Қандай ой-пікірлеріңіз бар? Ірікпей айтыңыздар» деген сауал тастады.

– Елбасы Нұрсұлтан Назар­ба­­ев­тың «Бо­ла­шаққа бағ­дар: ру­хани жаңғыру» ат­ты ма­қа­ла­­сы еліміздің алдағы уа­қыт­та жүретін жолы мен негізгі бағ­­дарын айқындап берді. Бұл Мем­­лекет басшысының «Қа­зақ­стан-2050» стра­тегия­сын­да айтылған негізгі ба­сым­дық­тар­мен астасып жатыр. Жа­һан­да­ну дәуірінде, әлем­дік бәсеке қыз­ған уақытта әрбір мемлекет өзінің ұлттық болмысын сақ­тай отырып, дүние көшінен қал­мауды ойлайды. Осы орайда Елбасының жаңа мақаласы бір­қатар маңызды жайттарды қоз­ғаған. Оның ішінде ұлттық са­наны қалыптастыру, білім сала­сын дамыту, бәсекелестікті нығайту, туған жер­ге – Отанға деген құрмет, әлем­дік үздік туын­дыларды ау­д­а­­ру мәселелері аса өзекті деу­ге бол­ады, – деп сөзін бір қайырып өтті.

Одан кейін елорда әкімі қа­ладағы кітап дүкендерінде қа­зақ тіліндегі кітаптардың аз­ды­ғын айтты. Сонымен қатар, ел­ордадағы мем­лекеттік тілдің да­муына да тоқталды. Оның ай­туынша, өткен жылғы есеп бойын­­ша Астана тұрғындарының 82 пайы­­зы мемлекеттік тілді жақсы біледі. Ал 2009 жы­­лы бұл көрсеткіш 62,3 пайыз ға­на болған.Ал­ты жылдың ішін­де қа­зақ тілін білетіндердің са­­ны 19,7 пайызға көтерілген. Ал өт­кен жылғы өл­шеммен ал­сақ, ере­­сектер арасында ағылшын ті­лін бі­ле­тін­дер­дің қатары 25 пай­ыз болса, 2009 жылы ол 7 па­йыз болған. Осы аралықта оның саны 18 пайызға өскен. Астана әкімдігінде әрбір тоқсан сайын мемлекеттік тілдегі шы­ғыс және кіріс құжаттарын жү­р­гізу мониторингі жасалады. Соның нәтижесінде кіріс құ­жаттарының жалпы саны 340 251 болса, соның қазақ ті­лін­дегісі 222 010-ды құраған. Пай­ыз­бен айтқанда – 65,8 пайыз. Ал шығыс құжаттарының жалпы көлемі 198 150 болса, оның мем­лекеттік тілдегісі – 189 458, яғ­ни 85,6 пайызды құраған. Со­нымен бірге, қала басшысы елордадағы балабақшалар мен мек­тептердің жыл санап кө­бе­йіп келе жатқандығын айтты.

Елорда басшысының сөзі­нен кейін Астана әкімінің орын­­басары Ермек Аманшаев Ел­­басының мақаласына бай­ла­ныс­­ты байыпты баяндама жасады. Ол әрбір тарауға жеке-жеке тоқталды.

– Мақалада ең әуелі ұлттық сана туралы баяндалған. Біз­дің ұлттық санамыз Отанға, ту­­­ғ­ан тілге, тарихқа, салт-дәс­түр­ге деген құр­мет­пен бі­те қай­­насқан. Ұлттық сана – ұлт ру­ха­ниятының негізі. Ұр­пақ­тан-ұрпаққа тарихи, руха­ни мұ­ра тұлғалар тағылымы, ұл­т­т­ық құн­дылықтар мен дәстүр са­лтқа негізделген тәр­бие-тә­лім, насихат арқылы беріліп оты­ра­ды.

Бұл құндылықтар – Мәңгілік ел болуды қалыптастыратын идео­логиялық тұғырнама. Бү­гін­­­де өзінің ұлттық ерек­ше­лі­гін, дербес кодын сақтаған, сол арқылы әлемдік өркениет же­тістіктерін қабылдай білген ел озады. Ел­ба­сы­мыз «Ұлттық  са­лт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен му­зыкамыз, әде­биетіміз, жо­рал­ғыларымыз, бір сөзбен айт­­қан­да, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», дей­ді. Бұл заманда адам капита­лы­на же­тер құндылық жоқ. Сол үшін Мем­лекет басшысы жас­тарға, бі­лімге инвестиция са­луға ерек­ше көңіл бө­лу­де. Енді білім мен ғылымға не­гізделген эконо­миканы, пай­далы өндірісті дамытуымыз қажет. Ахаңның – Ахмет Бай­тұр­сыновтың «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп ке­рек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұ­мыс істеу керек» деген жақ­сы сөзі бар, – деді қала әкімінің орын­басары.

Сондай-ақ, маңызды шарада Астана қалалық арда­гер­лер кеңесінің төрағасы Сан­сыз­бай Есілов, «С.Сейфул­лин атын­дағы Қазақ агро­тех­ни­калық университеті» АҚ бас­қар­ма­сы­ның төрағасы, қала­лық мәслихаттың депу­таты Ақылбек Күрішбаев, «Цесна-Астық» Кон­-

це­рні» АҚ ди­рек­торы Илья Мещеряков, д-жиу-джитсу спорт түрінен әлем чемпионы Мөлдір Ме­кен­­­баева, «Жас Отан» ЖҚ Ас­тана қалалық филиалының тө­ра­­ғасы Мұхаммед Болыс­бек сөз алып, Мемлекет басшы­сы­­­ның мақаласы жайында өз пі­­кірлерін білдіріп, оны то­лы­ғы­­мен қолдайтындықтарын жет­кіз­ді.

Жиынды Астана әкімі Әсет Исекешев қорытындылады.

– Бү­гін Елбасы белгілеген негізгі мін­деттер бойынша жақсы ой­лар, маңызды ұсыныстар ай­тыл­ды. Енді, біздің міндет осы ай­тылған жайттарды жү­зе­ге асы­ру қажет, – деп нақты дәй­ек­тер­мен келтірді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ



Соңғы жаңалықтар