29 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №89

438 рет
көрсетілді
28 мин
оқу үшін
2011 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жуктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 5-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр  Ә.ҚҰСАЙЫНОВ. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүк­тердi тасы­малдау жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының әуе кеңіс­тігін пайдалану және авиация қызметі тура­лы» Қазақстан Рес­публи­ка­сының 2010 жыл­ғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 5-тармағына сәй­кес әзірленген. 2. Нұсқаулық «Халықаралық азаматтық авиация тура­лы конвенцияны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылы 2 шілдедегі N 1503-ХII қаулысымен бекiтiлген Халық­аралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға 18-Қосымшаның, Әуе бойынша қа­уiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқау­лықтарында, Doc 9284-AN/905, ИКАО (бұдан әрi - Техникалық нұсқаулықтар) және осы Нұсқаулықтағы талаптар мен ережелердi сақтау кезiнде әуе кемесiне және оның iшiндегi жолаушыларға қауiп төндiрмей қауiптi жүктердi тасымалдана алатын кездегi ұшу қауiпсiздiгiнiң осындай деңгейiн бiр мезгiлде қам­тамасыз ету және тасымалдарды жеңiлдетуге бағыт­талған шарттарды белгiлейдi. 3. Осы Нұсқаулықта келесі терминдер мен анық­тама­лар қолданылады: 1) бекіту - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келесілерге беретін рұқсаттама: - Техникалық нұсқаулықтарда жолаушылар және (немесе) жүк әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған деп көрсетілген және ондай жүктер бекітуі бар болған жағдайда тасымалдануы мүмкін деген қауіпті жүктерді тасымалдауға; 2) босату - Техникалық нұсқаулықтар ережелеріндегі босатуды көздейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін бекітуден өзге рұқсаттама; 3) қауіпті жүктер - Техникалық нұсқаулық­тардағы қауіпті жүктер тізімінде көрсетілген немесе осы Нұс­қаулыққа сәйкес сыныпталатын қор­ша­ған ортаға немесе мүлікке, қауіпсіздікке, денсау­лық­қа қауіп төндіруі мүмкін бұйымдар немесе заттар; 4) қауіпті жүктермен байланысты оқиға - нәтижесінде қандайда бір адамды өлімге әкелетін дене жарақатын ал­ған немесе күрделі дене жарақатын алған немесе мүлікке және қоршаған ортаға күрделі зақым әкелген қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты оқиға. 5) қауіпті жүктермен байланысты инциденттер - қауіпті жүктерді әуе бойынша тасымалдаумен байланыс­ты, әуе кемесінің бортында ғана емес және қауіпті жүк­терге байланысты оқиға болып табыл­майтын, буып-түйу жиынтықтың бұзылғанын куәландыратын құбылыс­тарға, қандайда бір адам­ның дене жарақатына алып келетін, мүлікке немесе қоршаған ортаға зақым келтіруге, өртке, бүлінуге, сұйықтық немесе радиацияның төгілуіне соқ­тық­тыратын инцидент. Сондай-ақ, әуе кемесіне немесе оның бортындағы адамдарға қауіп төнді­ретін, қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты кез-келген оқиға қауіпті жүктермен байланысты инцидент ретінде қаралуы мүмкін; 6) күрделі авиациялық инцидент - әуе кемесін пай­да­ланып ұшуды орындау ниетімен байланыс­ты, авиа­циялық оқиғаның болуына жоғары мүмкіндік орны болған мән-жайын көрсететін инцидент; 7) Техникалық нұсқаулықтар - Халықаралық азамат­тық авиация ұйымының (ИКАО) Кеңесі белгілеген рәсімдерге сәйкес бекітілетін және кезең-кезеңмен шыға­рылатын, әуе бойынша қауіпті жүктерді қауіпсіз тасы­малдау жөніндегі техника­лық нұсқаулықтар; - Техникалық нұсқаулықтарда қамтылған басқа мақ­саттар үшін; 4. Техникалық нұсқаулықтар тізбесінде көрсе­тіліп топ­тастырылған адам денсаулығы мен мүлік пен қор­шаған ортаға қауіп төндіретін қауіпті нәр­селер мен заттар (бұдан әрі - қауіпті жүктер) Техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес әуе кемелерімен тасымалданады. 5. Азаматтық авиация саласының уәкілетті органы бекітетін, әуе кемесін пайдалану ережеле­рінің және ұшуға жа­рам­дылық талаптарына сәйкес әуе кемесінің бортында қа­жет­ті қауіпті жүктер осы Нұсқаулық талаптарына тара­тыл­майды. 6. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру үшін ауыстыруға арналған немесе әуе кемесінен сол мақсатпен алынған қауіпті деп топтастырылатын бұйым­дар және заттар әуе кемесінің бортында Техни­калық нұсқаулықтардың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тасымалданады. 7. Қауіптілік деңгейі бойынша қауіпті жүктер Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес топтастырыла­ды. 8. Тасымалдауға Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2011 жылғы 14 наурызда 6805 нөмірімен тіркелген (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекітілген) Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiнде (бұдан әрi - Тiзбе) және Техникалық нұсқаулықтарда аталған қауiптi жүктер қабылданады. 9. Сыныптандырылмаған, таңбалануы, қауіп­тік белгілері және (немесе) буып-түйілуі Техника­лық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес келмейтін қауiптi жүктер әуе кемелерiмен тасымалдау үшін қабылданбайды. 10. Шет елдік авиакомпаниялар қауiптi жүк­терді тасымалдауын азаматтық авиация саласының уәкілетті органы беретін арнайы рұқсаттама шарттарына сәйкес және оның негізінде жүзеге асырады. 11. Әуе кемесін пайдаланушы қауіпті жүктерді әуе бойынша тасымалдауға қатысты құжаттардың үш айдан кем емес мерзімге немесе тиісті мемлекеттермен көрсетілген, қауіпті жүктерді тасы­малдау рейстері орындалғаннан кейінгі басқа кез келген мерзімде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. 12. Келесі құжаттардың сақталуы қажет: 1) қауіпті жүктерді тасымалдау құжа­ты; 2) қабылдаудың бақылау парағы; 3) әуе кемесінің командиріне жазбаша ақпарат. 2. Қауiптi жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға, сараптауға, буып-түюге және жүктік жөнелтуге қатысатын персоналға қойылатын талаптар 13. Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген пайдаланушы, жүкжіберуші (жүкжөнелтуші) және басқа да адамдарды қоса алғандағы қауiптi жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға, сарап­тауға, топтастыруға және буып-түюге қатысатын персонал, куәләндырылған авиациялық оқу орындарында (орталықтарында) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен бекітілген арнайы бағдарламалар бойынша бастауыш және кезең-кезеңмен дайындықтар түрлерінен өтеді. Бағдарламалар Техникалық нұсқаулықтар және Әуе кемелеріндегі қауіпті жүкке байланысты инцидент болғанда авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулық (Doc 9481 AN/928, ИКАО) талаптарына сәйкес әзірленеді және жаңартылады. 14. Белгіленген тәртіппен дайындықтан өткен персоналда авиациялық оқу орындары (орта­лықтары) беретін сертификаты (куәлігі) болуы қажет. Сертификаттың (куәліктің) жарамдылық мерзімі 2 жылды құрайды. Персоналды даярлау туралы мәлімет соңғы дайындықтан өтудің аяқталу уақытынан бастап 3 жыл бойы сақталуы қажет және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органына оның сұратуы бойынша беріледі. 3. Азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі шектеулер 15. Техникалық нұсқаулықтарда және осы нұсқаулықта көрсетілгеннен тыс жағдайларда қаупті жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынады. 16. Техникалық нұсқаулықтарда әдеттегі жағдайда әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған ретінде көрсетілген қауіпті жүктерді және осы Нұсқаулықтың 54-тармағына сәйкес боса­тудың немесе мемлекеттік жөнелтуші берген босатуға (рұқсатқа) сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдау мүмкіндігі туралы техникалық нұс­қаулықтарда көрсетілуі туралы нұсқауы болмаған кезде жұқпалы жануарларды әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынады. 17. Әр түрлі жағдайларда әуе кемелерімен тасымалдау үшін тыйым салынған деп Тех­никалық нұсқаулықтарда көрсетілген әрбір түрдегі әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. 4. Қауіпті жүктерді буып-түюге қойылатын талаптар 18. Қауіпті жүктер осы Нұсқаулыққа және Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес буып-түйілетін жинақтарда (ішіндегі затты ұстап тұруды қамтамасыз етуге қажетті ыдыс немесе өзге компоненттер мен материалдар) буып түйіледі және тасымалданады. 19. Буып-түю жиынтықтарына қойылатын талаптар Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген. 20. Буып-түю жинақтары Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес сынақтан өтеді. 21. Сұйық қауіпті жүктерді тасымалдау үшін Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген қысым мәніне төзімді болып келетін буып-түю жиын­тықтары пайдаланылады. 22. Буып-түю жиынтықтары қауіпті жүкпен қатерлі іс-қимылға түспейтін арнайы қаттама­лармен және сіңіріп алатын материалдармен қор­ғалады және жабдықталады. 23. Буып-түю жиынтығы, оны тат басудың немесе басқа да зақымданудың болмауын анық­тайтын тексеруден өтпейінше қайтадан пайда­ланылмайды. 24. Егер бос тазартылмаған буып-түю жинақ­тары қауіп төндіретін болса, онда олар төндіретін қауіптің деңгейіне қарай тығыз жабылады және өңделеді. 25. Жүк орнының (әуе кемесінде тасымал­дануға дайындалған буып-түйілген жинағы және оның ішіндегі зат) сыртқы жағында қоршаған ортаға залалын тигізетін қауіпті заттардың мөлшерінде болуына жол берілмейді. 5. Қауіптілік белгілерінің таңбаларын салуға қойылатын талаптар 26. Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес қауіпті жүктің жүк орны қауіптік белгілермен таңбалана­ды. 27. Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес қауіпті жүктің жүк орны оның ішіндегі заттың тиеп жөнелту атауын және нөмірін көрсетіп таңбаланады. 28. Буып-түю жиынтығы Техникалық нұс­қаулықтардың талаптарына сәйкес әзірленеді және таңбаланады. Буып-түю жиынтығы, егер ол Тех­никалық нұсқаулықтардың буып-түюге байланыс­ты талаптарына сәйкес келмейтін болса, техни­калық талаптардың көрсетілуімен таңбаланып жабдықталмайды. 6. Жүк жөнелтушіге қойылатын талаптар 29. Жүк жөнелтуші қауіпті жүктерді анықтап, әуе кемесімен тиісті түрде тасымалдау үшін дайындайды (пайдаланушының бір жүк жөнел­тушіден бір мезгілде және бір мекенжайға, бір партияға қосылған және бір жүк алушыға, бір жеткізу пунктіне қабылданған қауіпті жүгі бар бір немесе бірнеше жүк орны). Әуе кемесімен тасымалдау үшін қауіпті жүктің жүк орнын немесе сыртқы орамын (орам бір немесе бірнеше жүк орнын біріктіреді және пакеттеудің құралы болып табылмайды) ұсынудың алдында жүк жөнелтуші қауіпті жүктің әуе кемесімен тасымалдануына тыйым салынбағанына, жіктелгеніне, буып-түйілгеніне, таңбаланғанына, қауіптілік белгілерімен жабдықталғанына және жүк жөнелтушінің осы Нұсқаулыққа және Техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес рәсімделген қауіпті жүктің ілеспе декларациясының (қауіпті жүкті тасымалдау құжаты) болуына көз жеткізеді. 30. Әуе кемесімен тасымалдау үшін қауіпті жүкті ұсынатын тұлға, Техникалық нұсқау­лықтарда көрсетілген жағдайлардан басқа, жүк жөнелтуші Техникалық нұсқаулықтарда көзделген ақпараты бар қауіпті жүкке декларация құрастырады, қол қояды және пайдаланушыға тапсырады. 31. Жүк құжаттамасында әуе кемесімен тасымалдануға ұсынылған қауіпті жүктің жүк жөнелтушінің атауларына сәйкес толық деңгейде, дәл жіктелген, буып-түйілген, таңбаланған, қауіптілік белгілермен жабдықталған, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың және Техникалық нұсқау­лықтардың талаптарын сақтай отырып әуе кемесімен тасымалдауға дайын қалыпта екені туралы мәлімет беретін, қауіпті жүкке жүк жөнелтушінің декларациясы туралы ақпарат болады. 7. Пайдаланушыға қойылатын талаптар 32. Пайдаланушы әуе кемесімен тасымалдауға қауіпті жүктерді келесі жағдайларда тасымалдауға қабылдамайды: 1) егер қауіпті жүктерге, Техникалық нұс­қаулықтарда осындай құжаттардың болуы талап етілмейді деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жүк жөнелтушінің декларациясы болмаса; 2) Техникалық нұсқаулықтарда белгіленген тәртіпке сәйкес жүк орнын сыртқы орамасыз немесе қауіпті жүк тиелген контейнерін тексеруден өткізбей; 3) егер буып-түю жиынтықтары әуе кемесімен қауіпті жүкті тасымалдаудың қалыпты жағдай­ларында олардың бүлінуінен, қауіпті жүктің ағып кетуінен сақтайтын және сыртқы орам ішінде жылжуына, орын ауыстыруына бақылау жасауды қамтамасыз ететін қабаттармен қорғалмаса және жабдықталмаса; 33. Әуе кемесінің бортына қауіпті жүктердің орамдарын және радиоактивті материалдармен жүк контейнерлерді тиеу және оларды орналас­тыру Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады. Радиоактивті материалдарға арналған буып-түю жинақтарына қойылатын талаптар Техникалық нұсқаулықтардың 2-бөлімінде қамтылған. 34. Қауіпті жүктермен жүк орындары, қауіпті жүк материалдары салынған сыртқы орамдары және жүк контейнерлері (кез келген типті жүк контейнері, авиациялық контейнер, торы бар авиациялық астау, қорғаныш қалпағының үстіндегі торы бар авиациялық астау) радиоактивті материалдармен әуе кемесінің бортына немесе қауіпті жүкті пакеттеу құралына жеткізілмес бұрын ағып кетуінің немесе бүлінуінің болмауы жағынан тексеріледі. Ағып кету орын алған және бүлінген жүк орындары, сыртқы орамдар және жүк контейнерлері әуе кемесінің бортына тиеуге жіберілмейді. 35. Қауіпті жүктерді пакеттеу құралы, оларда орналасқан қауіпті жүктің ағып кетуін немесе бүлінуінің жоқтығын анықтайтын тексеруден өтпегенше әуе кемесінің бортына тиеуге жіберілмейді. 36. Әуе кемесінің бортына тиелген қауіпті жүктің жүк орны зақымдалған немесе ағып кетуі байқалған болса, пайдаланушы тиеуді жүргізіп жатқан жөнелтушінің немесе ұйымның әуе кемесі бортынан осындай жүктің түсірілуіне барлық шараларды қабылдайды. 37. Қауіпті жүктермен сыртқы орамдары, радиоактивті материалдармен контейнерлер қойылған жүк орындары әуе кемесінен немесе қауіпті жүктерді пакеттеу құралынан түсірілген кезде бүліну немесе ағып кету жағынан тексеріледі. Бүліну немесе ағып кету сипаттары байқалған болса әуе кемесінің бортындағы аталған қауіпті жүктер немесе қауіпті жүктерді пакеттеу құралы орналастырылған аймақтары зақымдалуын немесе былғануын анықтау мақсатында тексеріледі. 38. Техникалық нұсқаулықтарда көзделген жағдайлардан басқа, қауіпті жүктер әуе кемесінің жолаушылар салонында немесе әуе кемесінің экипаж кабинасында тасымалданбайды. 39. Әуе кемесі бортында қауіпті жүктердің ағып кетуі немесе бүлінуі нәтижесінде болған қауіпті ластанулар дереу жойылады. 40. Радиоактивті материалдармен ластанған әуе кемесі кез келген жеткілікті жазықта радиация деңгейі немесе бекітілмеген ластану деңгейі Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген мәндер­ден төмен болмайынша пайдаланудан шұғыл түсіріледі. 41. Бір-бірімен қауіпті әрекетке түсуі мүмкін қауіпті жүк қойылған жүк орындары әуе кемесі бортында қатар немесе ағып кету жағдайында өзара әрекетке түсулеріне әкеліп соғатын қалыпта орналастырылмайды. 42. Әуе кемесі бортында улы немесе инфек­циялық заттармен жүк орындары Техника­лық нұсқаулықтарға сәйкес орналастырылады. 43. Радиоактивті материалдармен жүк орын­дары әуе кемесінің бортында адамдардан, жануарлардан немесе шығарылмаған фотопленкадан бөлек, Техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес орналастырылады. 44. Егер қауіпті жүктер әуе кемесінің бортына осы Нұсқаулыққа сәйкес орналастырылған болса, пайдаланушы қауіпті жүктердің бүлінуден сақта­луын қамтамасыз етеді. Қауіпті жүк әуе кемесінің бортында оның ұшу барысында қозғалып кетуін болдырмайтындай етіп бекітіледі. 45. «Тек жүк әуе кемесімен» деген белгісі бар қауіпті жүк әуе кемесінің бортында, әуе кемесінің экипаж мүшесі немесе басқа да уәкілетті тұлға қауіпті жүкті қарап отыруға мүмкіншілік беретіндей болып, қажет болған жағдайда Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген жағдайлардан басқа ұшу кезінде оларды басқа жүктерден бөле алатындай болып орналастырылады. 8. Қауіпті жүк жөнінде ақпарат ұсыну 46. Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген аса қауіпті жүкті әуе кемесімен тасымалдау үшін қабылдауды пайдаланушы жүк жөнелтушімен жөнелту және жүк қабылдаушымен аса қауіпті жүкті қабылдауға дайындығы туралы растауды алғаннан кейін, сондай-ақ әуе кемесінің ұшу бағыты бойынша барлық әуежайлардың ерекше қауіпті жүкті қабылдау және өңдеудің дайындығы туралы растауды алғаннан кейін жүзеге асырады. 47. Әуе кемесінің қауіпті жүкпен ұшуы алдында, пайдаланушы немесе жүк және поштаға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әуежайлық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (әуежайда жүкті жердегі өңдеу бойынша агент) қауіпті жүкті әуе кемесіне тиегенге дейін әуе кемесінің командиріне Техникалық нұсқаулық­тарға сәйкес қауіпті жүк туралы жазбаша ақпарат береді. Әуе кемесі командиріне ұсынатын ақпарат мыналарды қамтиды: 1) авиажүк ілеспе қағазының нөмірі (егер ол берілген болса); 2) Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілгендей тиісті жөнелтім атауымен, қажеттілігіне қарай техникалық атаумен және БҰҰ тізімі бойынша нөмірімен; 3) сыныбы мен санаты, сондай-ақ сәй­кес келу 1-тобы сыныбы болған жағдайда сандық мәнін көрсете отырып, қосымша қауіптілік қойылған белгілеріне сәйкес келетін қосымша қауіптілігі; 4) қауіпті жүктерді тасымалдау құжатында көрсетілген буып түю тобын; 5) жүк орны, саны және оларды тиегеннен кейінгі орналасқан нақты жері; 6) нетто саны немесе егер қолданылатын болса, радиоактивтік материалдардан немесе қауіпті жүкті тасымалдау құжатында нетто саны мен брутто салмағын көрсету талап етілмейтін қауіпті жүктерден басқа әрбір жүк орнының брутто салмағы; 7) радиоактивті материалдар үшін - жүк орны, сыртқы буып түюлердің немесе жүк кон­тейнерлерінің саны, солардың санаты, көлік индексі (егер талап етілсе) және олардың тиелгеннен кейінгі нақты орналасқан орны; 8) осы жүк орны тек жүк әуе кемесімен тасымалдануы тиістілігі туралы нұсқау; 9) жүк орнының түсірілуіне тиісті әуеайлақ; 10) бұл қауіпті жүктердің осы мемлекеттен берілген босатуына сәйкес тасымалданатыны туралы нұсқау; 11) ұшу барысында әуе кемесінің бортында авариялық жағдай туған жағдайда пайдаланушы (тасымалдаушы), жөнелту және тағайындалған әуежайлар әуе кемесінің бортындағы қауіпті жүк туралы ақпарат ала алатын жүк жөнелтушінің телефон нөмірі. 48. Қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің ұшуы алдында пайдаланушы тағайындалған әуежайға әуе кемесінің бортындағы қауіпті жүк туралы ақпарат береді. 49. Пайдаланушының ұшуларды орындау жөніндегі басшылығында әуе кемесінің ұшу экипажымен қауіпті жүкті тасымалдауды орындау үшін және қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің бортында авариялық жағдай туған кездегі әрекеттері туралы қажетті ақпараты болады. 50. Әуежайлар әкімшілігі, пайдаланушылар, жүк жөнелтушілер және басқа ұйымдар өз персоналына қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты өз тапсырмаларын орындау үшін қажетті ақпаратты ұсынады және қауіпті жүкпен авариялық жағдай пайда болғандағы әрекеттері туралы нұсқаулар береді. Қажетті ақпарат рәсімімен бірге Техникалық нұсқаулықтарға және Әуе кемелеріндегі қауіпті жүкке байланысты инцидент болғанда авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес әзірленеді. 51. Қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің бортында ұшу барысында авариялық жағдай пайда болса, әуе кемесінің командирі Техникалық нұсқаулықтарға және Әуе кемелеріндегі қауіпті жүкке байланысты инцидент болғанда авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес бұл туралы осы ақпаратты әуе кемесінің қону әуежайына беру мақсатында, әуе қозғалысына қызмет ету органына хабарлауы қажет. 52. Қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің бор­тында авиациялық оқиға немесе күрделі авиа­циялық инцидент болған жағдайда пайдаланушы алдын-ала, авариялық-құтқару жұмыстары бас­талғанға дейін әуе кемесі бортындағы қауіпті жүк туралы мәліметті авиациялық оқиға немесе күрделі авиациялық инцидентке байланысты жұмылдырылған авариялық қызметтерге береді. Пайдаланушы авиациялық оқиға немесе күрделі авиациялық инцидент болған мемлекеттің және пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы тиісті уәкілетті органдарына 24 сағат ішінде мәлімет береді. 53. Күрделі авиациялық инцидент болған жағдайда қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің пайдаланушысы алдын-ала сұрау салу бойынша авариялық-құтқару жұмыстары басталғанға дейін күрделі авиациялық инцидентке байланысты жұмылдырылған авариялық қызметтерге және авиациялық күрделі инцидент болған мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы тиісті уәкілетті органына әуе кемесінің бортындағы қауіпті жүктер туралы мәліметтерді береді. 9. Азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдауға тыйым салудан босатуға қойылатын талаптар 54. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес, ерекше жағдайларда азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдауға тыйым салудан босату ұсынады: азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті жүктерді басқа көліктік құралдармен тасымалдау мүмкіншілігі болмайтын жағдайда және (немесе), қауіпті жүктерді жедел тасымалдау төтенше жағдайлармен байланысты қажеттілігі болғанда. Төтенше жағдайлармен байланысты қауіпті жүктерді тасымалдау қажеттілігіне себеп болатын жағдайлар: 1) гуманитарлық және экологиялық көмек көрсету; 2) эпидемия; 3) ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты; 4) адамдарды құтқару (авариялық-құтқару жұмыстары); 5) тағайындалған жерге жүкті (жүктерді) көліктің балама түрлерімен жеткізу мүмкіншілігі болмағанда. 55. Қауіпті жүктерді тасымалдауға босату алу үшін пайдаланушы азаматтық авиация сала­сындағы уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады: 1) әуе бойынша бұйымдарды немесе заттарды тасымалдау қажеттілігіне негіздеме; 2) Техникалық нұсқаулықтарда көзделген деңгейге тасымалдау кезінде қауіпсіздік деңгейі қамтамасыз етілетіні көрсетілген негіздеме; 3) Барлық нақтыланған техникалық мәлі­меттерімен жүктің атауы, сыныптығы және БҰҰ тізімі бойынша нөмірі; 4) ұсынылатын буып-түю жиынтығы; 5) тасымалданатын жүктің орын саны; 6) өңдеу түрлері және авариялық жағдай­лардағы іс-әрекеттер; 7) жүк жіберуші мен жүк алушының атаулары мен мекенжайылары; 8) жөнелту, транзиттік, тағайындалған әуежай­лары және болжамданған тасымалдау мерзімдері; 9) әуе кемесінің ұшу жоспары. 56. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен берілетін босатуда келесі мәліметтер мазмұндалады: 1) қауіпті жүктің БҰҰ тізімі бойынша нөмірі, тиісті жөнелтілу атауы және сыныптауы; 2) буып-түю жиынтығы және қолданылатын саны; 3) осы Нұсқаулықтың 55-тармағындағы 6), 7), 8), тармақшаларында аталған ақпарат; 4) қауіпті жүктерді тиеуге/түсіруге қатысты талаптар, Қазақстан Республикасы аумағына қондырылмай орындалатын рейстерді есепке алмағанда; 5) босатудың қолданылу мерзімі (босатуды беру мерзімінен бастап бір айдан аспайды). Босату азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен бекітіледі және бір данасы тиісті пайдаланушыға ұсынылады. 57. Босатуды беру тек жүк тасымалдайтын әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдауға ғана көзделеді. Жолаушылар әуе кемелерінде босату болған жағдайда қауіпті жүктерді тасымалдау жолаушыларсыз орындалады. 10. Әуе кемесімен қауіпті жүк тасымалдаумен байланысты авиациялық оқиға және күрделі авиациялық инциденттер туралы есеп беру 58. Әуе кемесімен қауіпті жүк тасымалдаумен байланысты авиациялық оқиға немесе күрделі авиациялық инциденттердің алдын алу мақсатында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды зерттеуге қатысады және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде болған авиациялық оқиға және күрделі авиациялық инциденттер туралы ақпарат жинақтауды жүргізеді: 1) тікелей Қазақстан Республикасы аумағында; 2) Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттен немесе басқа мемлекетке Қазақстан Рес­публикасынан тасымалдаған жағдайда. 59. Әуе кемесімен қауіпті жүк тасымалдаумен байланысты авиациялық оқиғалар және күрделі авиациялық инциденттер бойынша есептер құрастырылады. 60. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің бортында декларацияланған немесе қате декларацияланған қауіпті жүктерді тасымалдау деректерін тексеруді жүргізеді және ақпарат жинайды. 11. Қауіпті жүктерді тасымалдаудағы қауіпсіздік техникасы және санитарлық гигиена бойынша қойылатын талаптар 61. Қауіпті жүктермен жұмысқа, алдын ала медициналық тексеруден және қауіпті жүктерді тиеу және түсіру кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткен адамдар жіберіледі. 62. Қауіпті жүктермен жұмысқа денсаулығы бойынша шектеулер бар адамдар, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер және омыраудағы баласы бар әйелдер жіберілмейді. 63. Әуе кемесінің экипажы және қауіпті жүктермен жұмыс істейтін адамдар қорғаныс, залалсыздандару, индикация құралдарымен (тасы­малданатын жүктің түріне байланысты) қамта­масыз етіледі, сонымен қатар оларды пайдалану ережелеріне үйретіледі. Аталған жұмыс кезінде қолданылатын жеке қорғаныс, индикация және заласыздандыру құралдарын жүкті жөнелтуші қамтамасыз етеді. Қорғаныс құралдарсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. 64. Қауіпті жүктермен жұмыс істеу кезінде тамақ жеуге, ішуге, шылым шегуге, сонымен қатар жұмыс істеу аумағында арнайы киімсіз болуға рұқсат етілмейді. Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет. 65. Сумен өзара әрекетке түсу нәтижесінде жалындайтын қауіпті жүктерді жаңбыр кезінде, сонымен қатар нөсер кезінде кез келген өрт қаупі бар қауіпті жүктерді тиеуді және түсіруді жүргізу рұқсат етілмейді. 66. Қауіпті жүктерді тиеу, түсіруді жүргізуге двигательдер жұмыс істеп тұрған кезде, әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарын құйған кезде, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету кезінде рұқсат етілмейді. 67. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын әуе кемелері, қамтылған өртке қарсы құрал-жабдық­тарынан өзге, жүк жөнелтушілерден ұсынылған өрт сөндірудің қосымша құралдарымен жабдықталады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6822 болып енгізілді.