Бокс • 12 Желтоқсан, 2024

Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 желтоқсан күні Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов құрлық доданы қорытындылап, сайыс нәтижелеріне қатысты пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты

Фото: ҰОК| Сали Сабиров

Бас бапкер Ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында Азия чемпионатының финалындағы екі бәсеке бойынша төрешілер шешімімен келіспейтінін атап өтті.

«Біз тек екі салмақтағы нәтижеге келіспейміз: 48 және 71 келі. Басқа финалдық кездесулерде барлық жеңілістер әділ болды. Мен біздің кемшіліктерімізді байқадым. Алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар жаттығулар физикалық дайындық пен техниканы жақсартуға бағытталады. Менің ойымша, бәрі де сәтті болады. Жігіттердің әлеуеті мықты, мүмкіндіктері мол. Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай мен бірнеше боксшы жарысқа қатыспады», деді Қайрат Сәтжанов.

Бас бапкер Азия додасының чемпиондары мен жүлдегерлері 1 аптадан кейін басталатын Қазақстан біріншілігінен босатылатынын мәлімдеді.

«Бізде қосалқы құрам мықты. Жас спортшыларды ұлттық құрамаға шақырамыз. Жақында Қазақстан чемпионаты өтеді. Бірақ оған АЧ медалистері қатыспайды, өйткені дайындық үшін уақыт жоқ. Сондай-ақ, Таиландта жеңімпаз атанған, ел чемпионатында жеңіске жеткендер ұлттық құраманың бірінші нөмірі болып есептеледі», деді бас бапкер.

Айта кетейік, Азия чемпионатының финалына жеткен ерлер құрамасындағы 9 боксшының  төртеуі алтын медаль еншіледі.