Қазақстан • 19 Сәуір, 2017

Бердімұхамедов Елбасының бастамасы туралы пікір білдірді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өткен салтанатты жиында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедов түркі елдерінің ортақ ғылымын қалыптастыруды қалайтынын жеткізді.

Бердімұхамедов Елбасының бастамасы туралы пікір білдірді

Өз сөзінде Бердімұxамедов Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттермен таныс екенін, соның ішінде латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайтынын жеткізді. 

«Ол да - біздің ұлттық құндылығымыздың бірі. Менің ойымша, осы салада бірлесіп атқаратын шаруаларымыз баршылық. Аталған мәселені біз кеше де кеңінен талқыладық. Өйткені ортақ ғылым болмаса, жастар оған құлшынбаса, бірде бір мемлекет алға баса алмайды. Сондықтан біз Қазақстан Президентінің осы бастамасын да қуана-қуана қолдаймыз», - деді Бердімұxамедов бүгінгі алқалы жиында. Ол жерде Түркіменстан Президентінің жылқы мен ат өнеріне арналған үш бірдей қазақ тіліндегі кітаптың таныстырылды. 

Соңғы жаңалықтар