Қазақстан • 19 Сәуір, 2017

21-24 сәуір күндері еліміздің басым бөлігінде көп мөлшерде жауын жауады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Осы аптада еліміздің басым бөлігінде көп мөлшерде жаңбыр жауады деп күтілуде. «Қазгидромет» РМК ақпары бойынша жеті өңірде ауа температурасы күрт төмендейді.

21-24 сәуір күндері еліміздің басым бөлігінде көп мөлшерде жауын жауады

«Алдын ала болжам бойынша, 21-24 сәуір аралығында белсенді циклондар мен олардың атмосфералық фронттарына байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. БҚО, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын мен ауа температурасының төмендеуі күтіледі», – деді «Қазгидромет» РМК директоры Марина Шмидт 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы -3...+2 градусқа дейін, күндіз +10...+15 градусқа дейін, еліміздің орталығы мен шығысында түнгі уақыттағы ауа температурасы -3...+2 градусқа дейін, ал күндіз +5...+13 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +3...+8 градус, күндіз +18...+23 градус болады.

«Ал кейінірек күн қайта жылынып, еліміздің солтүстігінде ауа температурасы +18...+23 градус, оңтүстікте +20...+28 градусқа дейін жылынады. Бірақ бұл жылу ұзаққа созылмайды. Тағы бір циклонның келуіне байланысты айдың соңында республиканың барлық аумағында қайтадан жауын жауып, ауа температурасы төмендейді», – деді Марина Шмидт.

Соңғы жаңалықтар