20 Сәуір, 2017

Соттылық туралы анықтама жаңа үлгіде алынады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді.

Соттылық туралы анықтама жаңа үлгіде алынады

«Бүгіннен бастап біз соттылық анықтамасын жаңа үлгіде беретін боламыз. Оған не себеп болды? Осы күнге дейін азаматтың қылмысқа тар­тыл­ғандығы туралы барлық мә­лі­метті берген болсақ, енді атал­­ған анықтаманы соттылығы өтелген­дігі мен жойылғандығын есепке алып, сол анықтаманы жаңа үлгіде бе­ре­тін боламыз», деді Бағдат Мусин.

Спикердің айтуынша, жаңа стандарт қабылданғаннан кейін сот­тылығы өтелген немесе алы­нып тасталған, оларға қатысты қыл­­мыс­­тық қудалау тоқтатылған аза­мат­­тар «Соттылығы жоқ» жазба­сы­­мен таза анықтама алатын болады.

Сондай-ақ, қағаз жүзінде сотты­лық­тың болуы немесе болмауы тура­лы апостиль қойылған анық­та­маны қажет ететін шет елге шыға­тын тұлғаларға анықтама 22 күн­нен 8 жұмыс күніне дейін қыс­қа­р­тылған мерзіммен бірыңғай қызметте берілетін болады.


Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»