20 Сәуір, 2017

Бізге зор жауапкершілік жүктейді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздер – әйелдер отбасының ошағын сақтаушы және мейірімді ана болып табыламыз. Себебі, біздер ұлттың жаңа ұрпағын тәрбиелеп келеміз.

Бізге зор жауапкершілік жүктейді

Сондықтан да бізге аса зор жауапкершілік жүктеледі. Осы­ған байланысты Мемлекет бас­­шысы Н.Ә.Назарбаевтың «Егемен Қазақ­стан» газетінде жария­­лан­ған «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласын­да көтерілген тақырыптар бізге өте жақын екенін нық сеніммен айта аламыз.

Елбасының мақаласындағы бай тарихи мұраларымызды және бірегей мәдени ерекше­ліктерді сақтау мәселесі кез келген адамды бейжай қалдырмасы анық. Өйткені, елдің әрі қарай дамуы, саяси және экономикалық рефор­малардың табысты жүзеге асырылуы рухани игіліктердің жандануына тікелей байланысты.

Осы тұрғыдан келгенде, небір құндылықтарды көтеріп жүрген әйелдер қауымы бай мәдени-рухани қоғам қалыптастыруға қажетті де маңызды іс-шаралардың бастаушысы бола алады. Бірінші кезекте, олар – азаматтық көзқарас пен патриоттық сезімді нығайту, жаһандану жағдайында жас ұрпақтың жаңа заман талабына сай сапалы білім алуын қамтамасыз ету.

Раушан СӘРСЕМБАЕВА,

Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті,

Президент жанындағы

Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі