Аймақтар • 20 Сәуір, 2017

Жамбылда жағдай тұрақты

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айының орта шені Жамбыл жері үшін де жауын-шашынды болды. Екі күн толассыз жауған жаңбыр жер өрісін кеңіткенімен, халық көңілін аласапыран еткені анық. Бірақ өңірде ешқандай су тасқыны, бөгетті бұзу оқиғалары орын алған жоқ.

Жамбылда жағдай тұрақты

Тек өткен тәулікте Тараз қаласы тұрғындарынан об­лыстық Төтенше жағдайлар де­партаментіне жеке тұрғын үйлердің ауласын су басу туралы хабарламалар түскен. Нәтижесінде тәулік бойына 16 адам, 5 бірлік техника, 4 мотопомпа күшімен 30 үйдің ауласынан су сору жұмысы жүргізілген. Сонымен қатар, 27 адам және 2 техниканың кө­­­мегімен су сору, дренаж ка­нал­дарын қазу және тазарту жұ­мыстары да нәтижелі аяқ­та­л­ған. 

Бүгінгі таңда Жамбыл об­лысының меншігінде 102 су қоймасы бар. Оның 69-ы облыстық «Жамбыл су қой­малары» коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесіне қарайды. Аталған мекеменің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Мақсат Жұматов су тасқынын болдырмау және тұрғындардың қау­іпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында барлық ау­дан­ның әкім­діктерімен бір­ле­сіп, тәу­ліктік кезекшілік ұй­ым­дас­ты­рылғанын, сондықтан өңірде еш­қандай қауіптің жоқтығын ай­тты.

Негізінен, облыстағы су қой­маларына Талас, Шу және Аса өзендерінің 20-30 пайызы ке­ліп құяды. Бүгінде бұл өзен­дер­­дегі жағдай да тұрақты. Сон­­дай-ақ, Қорағаты, Тамды, Ша­­бақ­ты сияқты шағын өзен­дер мен тау суларынан, бұ­лақ сулары­нан да келер қауіп жоқ.


Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»


Жамбыл облысы



Соңғы жаңалықтар