Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апаттық-құтқару және жедел жұмыстар барысында су басқан аймақтардан 1906 адам эвакуацияланып, 5486 ірі қара мал басы қауіпсіз жерге көшірілген. Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау және еріген қар суын жіберу үшін 17,415 шақырым қорғау бөгеттері бекітіліп, 35 100 бірлік құм қаптары 1 264,5 текше метр судың тартылуына сеп болған.
Осы шараларда облыс бойы-
нша аварaиялық-құтқару және жедел жұмыстарына жеке құрамнан барлығы 2503 адам, 746 бірлік техника, 7 су тартатын құрылғы және 29 сүңгуір жұмылдырылған.
Алдын алу шараларына қарамастан, қар суы қатты қарқын алып, 17 сәуірде Нұра ауданының Тассуат ауылында Нұра өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты 10 үйді су басты. Алдын ала 56 адам туысқандарына эвакуацияланды. Жұмыстарға 59 адам мен 36 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақтөбе ауылындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты алдында эвакуацияланған 62 адам мен Андрейниковка ауы-
лындағы 10 адам өз үйлеріне қайтты. Жағдай бақылауда тұр.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы