Аймақтар • 20 Сәуір, 2017

Тау өзені тасымады

870 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу жерінде биыл көктем жайымен келді. Жаңбырлы болғанымен, жадырай шыққан күн таулардағы ақ қарды өз мезгілінде ерітіп те отырды. Сондықтан Талғар, Есік, Түрген, Қаскелең, Қарғалы, Сарқан, Ақсу, Тентек, Қаратал өзендері арналарынан аспай, арындамай ақты. Нәтижесінде елді мекендерге қар суының қаупі төнген жоқ.

Тау өзені тасымады

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен алынған мәліметке сүйенсек, Іле Алатауы, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Хантәңірінің басында ғана қар қалыпты. Мұздақтар жылдағыдай ші­ліңгір шілденің ортасын­да ғана еритіндіктен, бө­гетт­ерде бұл­қынып, салалық қыз­мет­кер­лерді әбігерге түсіруі мүмкін. Ал әзірге еш алаңсыз шаруаны күйттей беруге болады. 

Жаздың аптап ыстығында тек Шарын өзені мен Көлсай көлдері арналарынан асып жатса, бөгеттер бүлініп қана қоймай, етектегі елді мекендерге қауіп төндіретіндігін де ұмытпаған ләзім. Бірақ дәл қазір оған алаңдайтындай себеп жоқ, деп отыр мамандар.


Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан»


Алматы облысы



Соңғы жаңалықтар