Медицина • 20 Сәуір, 2017

Құндылықтарын қастерлеген мемлекеттің мерейі үстем

212 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Біз алдағы 26 сәуірде өтетін ҚХА-­ның ХХV сессиясы қар­са­ңын­да осы жиынға бара жатқан де­­легаттарға жолығып екі сұ­рақ­тан қойған едік.

Құндылықтарын қастерлеген мемлекеттің мерейі үстем

– Қазақстан халқы Ассам­б­­леяс­ы­ның ХХV сессиясынан не кү­тесіздер?

Лео ШИК,

Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сының мү­ше­сі, қоғамдық ке­лі­сім жөніндегі об­лыс­тық кеңестің тө­рағасы, сессия де­легаты:

– Бұл жиын­нан біздің кү­те­рі­міз көп. Бұл басқосудың бұ­рын­ғы бас­­қо­су­лардан мәні өз­ге­рек боларына кү­­мәніміз жоқ. Ел­басымыз, Қа­зақ­с­тан хал­қы Ассамблеясының Тө­рағасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ға­на бар­ша қазақ­стан­дықтарды рухани жаң­ғыруға бас­тайтын, тағылымды тарихы­мызды та­разылауға, ел мен жерді қ­а­ді­р­леп, қас­тер­леуге шақыратын, ХХІ ға­сыр­дағы ру­хани бет-бейнемізді ай­қын­дай­тын бағ­дарламалық мақаласын жа­рия ет­ті. Алдағы алқалы жиында Президент әлем­­нің дамыған 30 елінің қатарына ену­­­ге жол ашатын стратегиялық құ­жат­ты жүзеге асырудың нақты жолда­рын нұс­қап, Ассамблея мүшелеріне тың мін­деттер жүктейді деп ойлаймын.

Равиль ЮНУСОВ,

Шығыс Қа­зақ­­­стан облы­сы Қа­зақ­стан ха­л­қы Ассам­б­лея­сының жас­тар ли­­гасы тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­­са­ры, татар эт­но­мә­дени бір­лес­ті­гі­нің мүшесі, сессия делегаты:

– Қазақстан хал­­қы Ассам­б­лея­­сының әр бас­қо­суының өзін­дік орны бар. Сес­сия­ның әр жи­ыны өз­геше өте­ді. Ал­қа­лы жи­ын­ды асы­ға, та­­ғат­сыз­да­на кү­­те­­ті­німіз содан бол­­са керек. Би­ыл­ғы басқосу, сөз жоқ, Ел­ба­­с­ының жуықта бас­пасөз бетінде жа­рық көр­ген «Бола­шақ­қа бағ­дар: рухани жаң­­ғы­р­у» атты ма­қаласын кең көлемде тал­қы­лауға арна­ла­ды деп ойлаймын.

– Мемлекет басшысының «Бо­л­а­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­л­а­малық мақаласының мән-маңызы неде деп ойлайсыздар?

Лео ШИК:

– Аталған мақалада Елбасы прагматизм мәселесіне ерекше екпін береді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пай­даланып, соған сәйкес болашағыңды жос­­парлай алу, ысырапшылдық пен ас­там­шылыққа, даңғойлық пен кер­дең­дік­ке жол бермеу деген сөз», деді. Мен айтар едім, нағыз прагматик ол – біздің Президент. Ол кісінің ерекше қасиеті, бо­лашақты болжай біледі. «Әуелі – эко­номика, содан кейін саясат», деді. Экономиканы көтерді, елдің әл-ауқатын жақсартты. Одан кейін саясатқа да кезек келіп, елдің бас құжаты – Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Парламент пен Үкіметтің құзыреті кеңейтілді.

Енді, міне, рухани жаңғыру мәселесі халықтың назарына ұсынылып отыр. Рухани, ұлттық құндылықтарын қас­тер­леген елдің қай кезде де мерейі үс­тем. Елбасы Ұлы Даланың ұлы та­ри­хын ұлықтауға, туған жерге ту ті­гу­ге шақырып отыр баршамызды. Президенттің: «Өткен ХХ ғасыр хал­қы­мыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұл­мат ғасыр болды», деуінде үлкен мән жа­тыр. Расында, қиындықтар көп болды. Бір ғана соғыс жылдарын алып қараңыз. Қан­шама ұлттар туған мекенінен ажырап, Қазақстанға күштеп жер аударылды.

Алайда, бауырмал қазақ халқы бө­тенсің деп ешқайсысының кеу­де­сінен итерген жоқ. Барымен бөлісті. Қам­қор­лығын көрсетті. Соның нәтижесінде олар аяқ­тарынан қаз тұрып, өсіп, өркендеді. Біз қазақ халқының бұл қамқорлығын ұмы­туға тиісті емеспіз. Алғыс айтуға тиіс­піз. Осыдан бір-екі жыл бұрын корей ұл­ты өкілдерінің бастамасымен қазақ жеріне депортацияланған ұлттар мен ұлыстар атынан «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш ашылды. Бұл – ұрпаққа үлгі боларлық дүние, қиын кезде пана, сая болған ұлтқа деген құрмет.

Равиль ЮНУСОВ:

– Президент мақаласы мен секілді жас­тардың ғана емес, бүкіл халықтың кө­ңі­ліндегі дүниелерді дөп басқан секілді. Әсі­ресе, жастардың білім көк­жиегін ке­ңейтуге қатысты айтқан сөз­­дері замандас­тарымды бей-жай қал­дыр­майтыны анық. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әр­кім терең түсінуі керек. Жастарымыз ба­сымдық беретін межелердің қатарында бі­лім әрдайым бірінші орында тұруы ша­рт. Себебі, құндылықтар жүйесінде бі­лімді бәрінен биік қоятын ұлт қана та­быс­қа жетеді», – деді Елбасы.

Расында да, біз, жастар білімді бол­ма­с­ақ, көп тіл білмесек, бәсекеге қа­бі­летті бола алмаймыз. 

Жазып алған Азамат ҚАСЫМ, 

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН


Соңғы жаңалықтар