Қаржы • 20 Сәуір, 2017

Инфляциялық күтулер тұрақтануда

451 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан халқының және экономикасының басқа субъек­тілерінің инфляциялық күтулері Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты жөніндегі шешімдерді қабылдау кезіндегі маңызды фактор болып табылады. Ұлттық Банк олардың тұрақтанғанын және нысаналы дәліз ішінде тұрғанын айқындап отыр.

Инфляциялық күтулер тұрақтануда

Халықаралық зерттеулердің деректері бойынша инфляциялық күтулердің төмен және тұрақты деңгейде сақталуы экономиканы жағымсыз күйзелістер алдында неғұрлым икемді жасайды және экономиканың баға құру тетігінің неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондықтан заманауи орталық банктер инфляциялық күтулерді бағалауға көп мән беруде. Орта­лық банктер өз мақсатын бас­шылыққа ала отырып, ақша-кредит және коммуникациялық саясатты жетілдіреді. ХВҚ-ның зерт­теулері инфляцияны таргет­теу режімінің атап айтқанда, неғұр­лым төмен инфляцияны, аз инф-ляциялық күтулерді және осы ре­жім қолданылмайтын елдермен салыстырғанда инфляцияның аз құбылатынын негіздейді. Экономикасы дамыған елдер арасында инфляцияны таргеттеу режімін қолданатын тәуелсіз орталық банктердің ұзақмерзімді инфляциялық күтулерді ойдағыдай тіркейді, сонымен қатар инфляцияны экономикаларға бүкіл іскерлік цикл ішінде шығарудың ең төмен үзіліс болған кезде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін 2% көлемінде тұрақтандырады деген бірыңғай пікір қалыптасқан.

Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаменті Монетарлық зерттеулер басқар­масының бас маман-талдаушысы Адель Қарғабаеваның ақпараты бойынша қазіргі кезде орталық банктер мен академиялық топтар арасында жақсы тіркелген инфля­циялық күтулердің экономикалық тұрақ­тылыққа қол жеткізудің бас­ты факторларының бірі, сон­дай-ақ орталық банктің ақша-кредит саясатына және инфляция жөніндегі мақсатына сенімділік көрсеткіші ретінде пайдаланылатыны туралы консенсус туындап отыр.

Инфляциялық күтулердің макро­экономикалық жаңалық­тарды хабарлауға сезімталдығының болмауы олардың тіркелгенін тек­серу өлшемшарты болады. «Егер ұзақмерзімді инфляциялық кү­тулер орын алып жатқан эконо­микалық оқиғаларға ден қоймаса, экономикалық агенттердің орталық банктің күтпеген экономикалық оқиғаларға қарамастан инфля­ция бойынша нысаналы деңгейді ұстап тұру мүмкіндігіне сенім білдіруі мүмкін. Осыған қара­ма-қарсы жағдай ретінде, егер орталық банкке деген сенім әлсіз болса және күтулер тіркел­месе, макроэкономикалық жағдай­лар­дың күтпеген өзгерістері инфля­циялық күтулердің нысаналы көрсеткіштерден орынсыз ауыт­қуларына алып келуі мүмкін», – деп атап өтеді Адель Қарғабаева.

Әдетте инфляциялық күтулерді бағалау көздері тұтынушылар, өндірушілер және талдаушылар болып табылады. Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сәйкес, халық және кәсіпорындардың басшылары қалыптасқан инфляцияға жоғары баға және болашақ инфляцияға жоғары болжамдар беруі мүмкін, себебі тауарлардың жекелеген санаттары деңгейінде бағаның нақты  көтерілуін қабылдайды және әдетте бағаның жиынтық өзгеруін білмейді. Бұл ретте өздерінің ин­фляциялық күтулерін олар медиа көздерден немесе дүкендерге баруы нәтижесінде алынған ақпарат негізінде қалыптастырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі үшін инфляциялық күтулер бойынша негізгі ақпарат көзі GfK Kazakhstan компаниясы 2016 жылғы  қаңтардан бастап халыққа жүргізетін пікір­терімдердің нәтижелері болып табылады. Ай сайынғы пікір­те­рімдердің нәтижелері үй шаруа­шылықтарының инфляцияны қабылдауының жалпы көрінісін беріп, инфляцияның сандық баға­лауын бір жыл бұрын алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Ұлттық Банкте кәсіпорындардың басшыларынан және қаржы нарығына қатысушылардан түскен белгілі ақпарат болады. Нақты сектордағы іскерлік ахуалды зерделеу үшін кәсіпорындар басшыларына тоқсан сайын жүргі­зілетін пікіртерім шеңберінде бизнес конъюнктурасындағы негізгі үрдістер, оның ішінде кәсіп­орындардың дайын өнім­нің, шикізат пен материалдар  бағаларының өзгеруі бойын­ша күтулері анықталады. Қар­жы жүйесінің тәуекелдері бойын­ша қаржы нарығына қатысу­шылардың жыл сайынғы пікір­терімі өз кезегінде Ұлттық Банкке негізгі макроэкономикалық көрсет­кіштердің, атап айтқанда, респонденттердің инфляция дең­гейі бойынша күтулерінің болжамдарын  алуға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда инфляциялық күтулердің жалпы көрінісі мынадай. Халықтың бағалардың қысқамерзімді өсуі бойынша күтулері респонденттердің 70%-да болуына және айдан айға ауытқуы мүмкін екеніне қарамастан, олар тұрақтануда. Қазіргі кезде инфляцияның бір жылға бұрын сандық бағалануы қалыптасқан инфляциядан төмен деңгейінде тіркелді және 2018 жылға арналған 5-7% нысаналы дәліздің ішінде тұр», – дейді Адель Қарғабаева.  

Кәсіпорындардың дайын өнім бағасының өзгеруі бойынша күтулері 2017 жылғы 1-тоқсанда расталды, өйткені, өнеркәсіп өні­мін өндіруші кәсіпорындардың бағасы өсті, ал шикізат пен материалдар бағасы бойынша күтудің төмендеуі расталмады – өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімді сатып алу бағасы ұлғайды.

Қаржы нарығына қатысу­шылардың және экономика және қаржы саласында жұмыс істейтін сарапшылардың 2016 жылғы қазанда берген бағалары инфляцияның ең биік шыңынан өтсе де, 2015 жылғы қарашадан бастап пікіртерім жүргізу сәтіне дейін қалыптасқан инфляция жоғары болғандықтан, біршама көтеріңкі болды. Бұл нәтижелер сондай-ақ респонденттердің Қазақ­станның қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал туралы төмен хабардар болуын көрсетті.

«Осылайша, Қазақстан үшін эко­номиканың түрлі субъек­тілерінің болашақ инфляцияны бағалаған кезде нақты сектордағы баға­лардың жалпы өзгеруін ескер­мейді, ал инфляциялық күту­лерді қалыптастырған кезде күн­делікті өмірде пайдаланатын жекелеген тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейін өзінің қабылдауы бойынша алады деген пайымдау әділ болып табылады», – деп қорытындылады Адель Қарғабаева.

Бетті дайындаған Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар