Қала әкімі Бауыржан Байбек форум барысында Алматының еліміздің қаржы-экономикалық және мәдени-білім орталығы екенін, Орта Азия өңірінің экономикасында маңызды орын алатынын атап өтті.
«Алматы қаласы Қытайға, ЕАЭО-ға және Орта Азияға сауда жолын ашады. Біз 86 тауарлық қағиданы анықтадық, оның басым көпшілігін импорт құрайды, сол арқылы біз жаңа өндірістер ашамыз. Алматы – Ұлы Жібек Жолы бойындағы болашағы зор қала, сондықтан оған инвестиция бөлу өте тиімді», – деді Б.Байбек.
Қала әкімі бұған мысал ретінде болат өнімдерін шығаратын еліміздегі алғашқы жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытының іске қосылуы екіжақты ынтымақтастықтың нәтижесі екендігін айтты. Қазақстанда мұндай зауыттың ашылуы өнімнің өзіндік құнын Жапониядағыдан 40% -ға төмендетті.
Өз кезегінде Сингапур Респубюликасының денсаулық сақтау, коммуникация мен ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат инвестиция құю үшін Сингапур делегациясы Қазақстанның транзитті және көліктік әлеуетін саралайтынын айтты.
«Біз Қазақстанды Орта Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері нарығына жол ашатын маңызды хаб ретінде көреміз. Екі елдің өзара ынтымақтастығы аясында жақсы мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады», – деп атап өтті Чи Хун Тат.
«Сингапурде жұмыс істегісі келетін кез-келген бизнесмен алдына орасан жоспарлар мен реформаларды қойып отырған Қазақстанның зор маңызы мен мәнін жақсы білуі тиіс. Осының барлығы сіздерді Ұлы Жібек Жолы мен ЕАЭО-ны дамыту барысында зор жетістіктерге жеткізетініне сенімдімін. Біз үшін Қазақстан осы өңірде бизнеспен айналысудың маңызды әріптесі болып табылады», – деді Сингапур Республикасының сауда, индустрия және ұлттық даму мемлекеттік министрі.
Дәл осы күні шетелдік инвестицияларды тартуға, жаңа технологияларды енгузіге, қазақстандық тауарларды өткізуге ықпал етіп, кең жол ашатын «Алматы» ӘКК-ның Қазақстандық – Азиялық – Тнынықмұхиттық палатаға енуі туралы Келісімге қол қойылды.