Технология • 21 Сәуір, 2017

Жастар стартапын ғаламдық нарыққа шығаратын жоба

133 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20 сәуірде «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры Smart Zholy бағдарламасының тұсаукесерін өткізді.

Жастар стартапын ғаламдық  нарыққа шығаратын жоба

«Smart zholy» бағдарламасы Оңтүстік Азиядағы «Echelon Asia Summit» жетекші стартап-алаңымен бірге жүзеге асыры­ла­тынын айта кеткен жөн. Оның басты элементі конкурстық не­гіз­де іріктелген он жастар ко­ман­­­дасы әлемнің жетекші тех­но­­ло­гиялық хабының бірі – Син­гапурдегі екі апталық бағдар­лама шеңберін­де өз жобаларын әлемдік деңгей­дегі мен­тор­лардың тікелей басшы­лығымен бастапқы өнімін шығарғанға дейінгі жолдан өтіп, ірі азиялық корпорацияларға ұсына алады. 

Жиынды ашып сөз сөйлеген қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев заманауи бағ­дар­ламаның пайдасын сал­мақ­тап, оның қазіргі таңдағы өзек­тілігін әңгімеледі. «Smart zholy» жоба­сын іске асыру жас­тар­дың старт­аптарын тек Қазақ­­стан­ға емес, ғаламдық нарық­қа шы­ғара­ды. Сонымен қатар, Мем­ле­кет бас­шысының Жо­л­дауын­да жүк­­тел­ген эконо­мика­ны же­дел жаң­­ғырту және цифр­лық эко­но­ми­­каны құру мін­детін орын­дап, Астананы техно­ло­гия­лық кар­­та­­дағы жаңа нүкте ретін­де көр­сетеді», деп сендірді ол.

Басқосуда Ақпарат және ком­муникациялар министрі Дәу­рен Абаев аталған жобаны Пре­зидент бастамаларымен үн­дес­кен маңызды істердің қатарына жатқызды. «Баршаңызға мәлім, қазіргі кезде Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы аясындағы кеше­н­ді ш­аралар басталды. Мем­ле­кет басшысының тапсыр­ма­­ла­рына сай, Ақпарат және ком­муни­ка­ция­лар министрлігі де техно­ло­гия­лық жаңғыруды қамтамасыз ете­тін жобаларды, оның ішінде «Цифр­лы Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дарламасын әзірлеуде. Осы ір­ге­лі істерді жүзеге асыруда елі­міз жаңа буын жастарға үлкен үміт арта­ды. Сондықтан да «Smart zholy» жобасының басталуы жас стар­­­тап­­шыларға шынайы қол­дау бо­­­ла­тыны сөзсіз. Жоба­ға қаты­су­­­шы­­лар отандық иннова­ция­лық өнім­­дер қатарын артты­рып қана қой­­май, ақпараттық тех­но­л­о­гия­­­­да­ғы тәжірибелерін ел игілі­гіне жа­­ра­тады деп сенеміз», деді министр.

Тұсаукесерде басқа қатысу­шылар да сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»