Үкімет • 21 Сәуір, 2017

Сараптама кеңесінің отырысын өткізді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Сараптама кеңесінің  отырысын өткізді

Отырыс барысында экономи­ка­лық өсімді қамтамасыз ету мәсе­лелері, сонымен қатар, сарап­шылардың мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерін жетілдіру бойынша айтқан ұсыныстары талқыланды.

Талқылауға «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж.Ах­метов, «Сентранс» АҚ дирек­тор­­лар кеңесінің төрағасы Е.Әбді­разақов, «Ракурс» Экономикалық тал­дау орталығы» қоғамдық қорының директоры О.Жан­досов, «Стратегиялық баста­ма­лар орталығының» аға серік­тесі О.Хұдайбергенов және «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А.Боранбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Е.Досаев, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаях­метова, «Қазақстан» РТРК бас­қар­ма төрағасы Е.Қарин, «Қазақ мұ­най және газ институты» АҚ бас ди­рек­торының кеңесшісі Ж.Күлекеев қатысты.

Отырыс қорытындысы бо­йын­ша Премьер-Министр Б.Са­ғын­таев уәкілетті мемле­кет­тік органдарға еліміздің заңна­ма­сына тиісті түзетулерді енгізу үшін сарапшылардың ұсыныс­та­рын зерттеп, танысуды тапсыр­ды, деп хабарлады Primeminister.kz.


Соңғы жаңалықтар