Қазақстан • 21 Сәуір, 2017

Бүгін күн райы тұрақсыз болады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 21 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман болады, жел күшейеді.

Бүгін күн райы тұрақсыз болады

Тек батыс және солтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, түнде Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз  басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады, 

Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді. 

Күндіз Қостанай облысының кей аумақтарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, күндіз  жел 15-20 м/с күшейді. 

Батыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарын тұман басады.