Қазақстан • 21 Сәуір, 2017

Перуашев: Азаматтық алушылар емтихан тапсырғандары жөн

119 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған консти­ту­ция­лық реформаның барысында жұ­мыс тобы мен Парламент депутаттары Қазақстан Конституциясына бір­қа­тар маңызды толықтырулар енгізді. Нә­т­ижесінде, мемлекеттік, тәуелсіздік, ұлт­аралық және дінаралық келісім, азаматтық мәртебе секілді ережелер әжептәуір күшейтілді. Мәселен, 10-бап бойынша республика азаматтығы ерекше қасиетке ие, сондықтан да терроризм және ұлттық мүдделерге ауыр зардап әкелгендер азаматтықтан айырылуы мүмкін болды.

Перуашев: Азаматтық алушылар емтихан тапсырғандары жөн

Еуропа тәжірибесі көрсеткендей, жағдайы мүшкіл мемлекеттерден қашып келетін адамның саны артып, миграциялық ағын апатты үрдіске айналды. Оларды қа­былдайтын елдердің бюджетіне қо­сым­ша шығын келіп, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз ету салаларына жүк түсті және жұмыссыздық артып, қыл­мыстық жағдай нашарлап кетуде. Оның үстіне, өзге тілдегі, мәдениеттегі жә­не этностық құрамы жат елдерден мың­даған мигранттың ба­қылаусыз келуі қа­былдаушы елдердің ұлт­тық бірегейлікті сақтауына қауіп туғызады. Сол себепті де, бірқатар Еуропа мемлекеттері сыртқы миг­рацияны шектеу жөнінде шаралар қа­былдай бастады.

Елбасының бейбіт саясаты мен эконо­ми­ка­лық реформаларының арқасында Қазақстан да өмір сүруге қолайлы, тартымды мемлекетке ай­нал­ды. Сондықтан еліміз жақын аймақтардан қашқан босқындар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін. Осы­ны ескеріп, елімізде миг­ра­циялық дағ­­дарысты күтпей-ақ, оны реттеу мен қа­­­зақ­­стандық бірегейлікті қорғау жөнінде ал­­­дын алу шараларын қолға алу керек деп есеп­­­тей­міз.

Ең алдымен, заңнаманы Конс­ти­туцияға сәй­кес­тендіру аясында, «Аза­маттық туралы» Заңда Қазақстан Рес­пуб­ликасының аза­маттығын сұ­рау­шыларға емтихан тап­сы­ру туралы нормалар қарастырылуы ти­іс, атап айтқанда:

– Республика Конституциясы;

– Қазақстанның мәдениеті мен тарихы;

– мемлекеттік тіл саясаты жөнінде, т.б.

Әрине, кейбір бөлек топтарды мұндай емтиханнан босатуға болады (Қазақстанда ту­ғандар, елімізде жақын туыстары барлар, оралмандар, инвесторлар, ғылым мен техникалық ірі мамандар және т.б.).

Бұл ұсыныс ешкімге ешқандай да төз­беу­шілік де­генді білдірмейді, бі­рақ із­денушілердің біз­дің ха­лық пен мем­ле­кет­ті құрметтеуіне тура келе­ті­нін көр­сетеді.

Азаматтыққа құқық алу үшін емтихан тап­сыру (Citizenship немесе Naturalization Test) Австралия, Австрия, Германия, Канада, Нидер­ланд, АҚШ, Израиль, Оң­түстік Корея сияқты көп­теген елдерде қол­данылады. Оның үстіне, мұн­дай ем­ти­­­хандарды тапсыру негізінен ақы­лы бол­ғандықтан, бюджетке ешқандай жүк түс­­пейді.Аталған тәртіпті, мүмкін, басқа да жағдайда қол­дауға болады.

Кейбір мемлекеттерде емтихандарды аза­мат­тық алғысы келгендер ғана емес, сонымен қа­тар, еңбек мигранттары неме­се ұзақ мер­зімге виза алушылар да тап­сырады. Мысалы, Голландия мен Ре­­сей­де. Оның мақсаты – тілді тү­сінбеу не­месе қалыптасқан дәстүрді біл­меу­ден туын­дайтын жергілікті халықпен жан­­жалд­арды болдырмау. Біздің ойымызша, ұсы­ны­лып отырған бастама конституциялық ре­фор­маға да сәйкес келеді.

Азат ПЕРУАШЕВ,


Мәжіліс депутаты


Соңғы жаңалықтар