Білім • 21 Сәуір, 2017

Ахмет Ясауи университеті оқушыларға білім гранттарын табыстады

532 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде IV Респуб­ликалық «Ясауи» пәндік олимпиа­дасы­ның қорытындысы жарияланды.

Ахмет Ясауи университеті  оқушыларға білім гранттарын табыстады

Республикалық олимпиадаға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-сыныптың 7 мыңға жуық оқушысы қатысты. Бітіруші түлектер 11 пән бойынша білімдерін сарапқа салып, тек үздіктері жеңіске жетті. 

Олимпиаданы қорытындылаған универ­ситет ректоры, профессор У.Әбді­беков жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі Қ.А.Ясауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік уни­верситетінің білім гранты дипломын та­быстады. Жоғары көрсеткішке қол жет­кізген 81 грант иегеріне ҰБТ-дан 50 балл­дан жоғары жинау шартымен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қа­зақ-тү­рік университетінде тегін білім алу құқығы берілді.

Бүгінгі бәсекеден университет гран­тына ілікпей қалған қатысушыларға да үлкен жеңілдіктер қарастырылып отыр. Егер сіз мемлекеттік грантты иелене алма­саңыз, ҰБТ-да жинаған 50 ұпай­мен осы сертификатпен ақылы негізде 25 пайыздық жеңілдікпен білім ала аласыз­дар. Сондай-ақ, 10-23 тамыз аралы­ғында қосымша 500 грант орындары бөлінеді», – деген профессор У.Әбдібеков бар­лық жеңімпаздарды құттықтады.

Грант жүлдегерлері білім додасының әділ нәтижесіне ризашылықтарын білдіріп, ерекше қуаныштарын жеткізді. Универ­ситеттің жетістіктері мен кампусының салтанатына қаныққан оқушылар, оқу орнының студенті болуды өздеріне мақсат ететіндіктерін де жасырмады.

Айта кетейік, үш айға жалғасқан олим­пиаданың 1-ші іріктеу кезеңі – online түрде 2017 жылдың 1-4 наурыз күндері өткізіліп, жалпы, 7000-ға жуық оқушы қатыс­қан болатын. ХҚТУ базасындағы 2-ші кезеңге 2351 оқушы өтіп, қорытынды білім сайысында 1205 оқушы, оның ішін­де, Ақмола облысынан – 75,  Ақтөбе облысынан – 76, Алматы облысынан – 39, Атырау облысынан – 29, Батыс Қазақстан облысынан – 73, Жамбыл облысынан – 63, Қарағанды облысынан – 89, Қостанай облысынан – 28, Қызылорда облысынан – 144, Маңғыстау облысынан – 44, Оңтүстік Қазақстан облысынан – 478, Солтүстік Қазақстан облысынан – 14, Павлодар облысынан – 18, Шығыс Қазақстан облысынан 35 мектеп бітіруші түлек бақ сынады.


Соңғы жаңалықтар