Тәрбие • 21 Сәуір, 2017

Ұлттық құндылықтар мектебін құру ұсынылды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, зиялы қауым өкілдерімен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, жастар ісімен айналысатын елордалық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Ұлттық құндылықтар мектебін құру ұсынылды

Алқалы жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газе­тінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласы талқыланды.  Зия­лы қауым өкілдері Мемлекет бас­шысының ой-толғамдары, рухани жаңғыруға қа­тысты ұсыныстары бірінші кезек­те жас ұрпаққа арнал­ғандығын түсіндірді.  

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов осындай шараларды басқа да оқу орындарында өткізсе артық болмас еді деген пікір білдірді. Себебі, бүгінгі жиын сынды салиқалы үнқатысулар аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы рухани жаңғырудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді. Ұрпақ­тар арасындағы сабақтастықты жалғас­тыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол жастарды өз бола­шақтарының иесі ретінде Елбасы макаласындағы идеяларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Абзал Нүкенов айтып өткендей, Ұлттық кодымыздың сақталуының бір кепілі ретінде университеттер мен институттарда, колледждерде Ұлттық құндылықтар мектебінің жұмысын ұйымдастырған жөн. Бұл мектеп дүние жүзінде болып жатқан, жастар үшін пайдалы жаңашылдықтарды  олардың санасына сіңіруге ықпал ететін болады.

Оқу орындары жанынан Ұлттық құндылықтар мектебін құру туралы ұсыныс жиынға қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды.

Арнұр АСҚАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА


Соңғы жаңалықтар