Жазғы спорт • 21 Сәуір, 2017

Ардагерлердің алғашқы біріншілігі

235 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Республикалық Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Ардагерлер ұйымы» республикалық орталық кеңесі бильярдтан республикалық біріншілік өткізді. Астанадағы «Достар» бильярд клубында ұйымдастырылған турнирге іріктеу сынынан сүрінбей өткен шеберлер қатысты.

Ардагерлердің алғашқы біріншілігі

Бәсекелі бәйге шымылдығын Орталық кеңес төрағасының орынбасары, генерал Бекболат Мұқышев құттықтау сөзбен ашты.

Бұдан 30 жыл бұрын, яғни 1987 жылы сәуір айында Қазақ­стан Республикасының Арда­герлер ұйымы құрылған болатын. Осы уақыт аралығында Арда­герлер ұйымы халықпен бірге, Елбасымен бірге талай «тар жол тайғақ кешулер» мен көптеген мерекелі-мерейлі жар­қын күндерді артқа тастады. Салтанатты мерейтойымызды республикалық деңгейде ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Ардагерлер ұйымының атқарған еңбегін қорытындылап, ел алдында және өзімізге есеп беріп, ертеңгі күндерге жоспарлар құру мақсатында атап өтіп жатырмыз. Мереке қарсаңында республика көлемінде әр облыс, әр аудан орталықтарында дойбыдан, шахматтан, тоғызқұмалақтан, бильярдтан спорттық-мәдени сайыстар өткізіп, қорытындысы ретінде Астанада бильярдтан рес­публикалық біріншілік өт­кізуді бірауыздан құп­тап, шешім қабылдаған болатынбыз», деді ол.

Ойын барысында, біз тартысты бәсекенің шашбауын көте­ріп, жанашыр болып жүрген біраз көрерменді сөзге тартқан едік.

Сайыстың ұйымдастырушысы ҚР ІІМ Құрметті ардагері, Рес­пуб­ликалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің жауапты хатшысы Көпболсын Бекмағанбетов былай деді:

– Бұл сайыс ақсақал­дары­мыздың саламатты өмір сүру­дегі тәжірибесін жастарға үлгі-өнеге ретінде насихаттау мен қарттарды спортқа тарту мақ­сатында ұйымдастырылып отыр. Жарысқа Маңғыстау, Қы­зылорда, Батыс Қазақстан облыс­тарынан келуге тиісті жеңімпаз спортшы-ардагерлер келе алмады. Орталық кеңес атынан тарихшы, жазушы Қойшығара Салғара қосылып, 14 бильярдшы додаға түсті.

Жеті жұп бәйгеге түскен жарыс нәтиже­сінде Ақмола облы­сының бильярд шебері Марат Досқожин (73 жаста) I дәрежелі диплом­ның және қомақты жүлде – түрлі-түсті теледидардың иегері атанды. Сондай-ақ, М. Досқожин бір кездесуде ең көп шар соққанға белгіленген жүлде – украин шеберлерінің қолынан шыққан, құны 70 мың теңгелік бильярд киін жеңіп алды. Екінші орынды астаналық Боранбай Жарылқағанов (70 жас­та) жеңіп алса, қола жүлдені Оң­түстік Қа­зақ­станнан келген Абдугай Бекжанов пен Шы­ғыс Қазақ­стан облысының Жарма ауда­ны­нан келген Төлеубек Қасенов (70 жас) иеленді.

Астанадағы Ұлы Отан соғысы мүгедек­теріне арналған орталық клиникалық госпи­таль­дың директоры Әділхан Абдулин мекеме атынан тағайындаған ар­найы жүлде – «Көрермен көз­айымы» сыйлығы алматылық Тоқ­тар Есімовке (70 жаста) бұйырды. Арнайы жүлде ие­гер­­лері қатарында жолды көк­темгі қар суы шайып, апатты жағ­дай орын алып жатқанына қарамай Қарағандыдан жеткен Оңғар Аяпбергенов, ал­матылық Қабиболла Сейітов және қостанайлық Анатолий Кудрявцев (72 жас) сынды ақ­сақалдар танылды. Өнегелі өнерімен көзге түс­кен жам­былдық ардагер Бағ­дат Дауылбаев, парасаттылығы және мәде­ниет­тілігімен көзге түскен пав­лодарлық Ерсайын Шұғабаев және ақтөбелік Виктор Горбенко жастарға бар жағынан да үлгі-өнеге боларлық ақсақалдар ре­тінде марапатталды.

Салтанатты рәсім барысында сайыстың жоғары деңгейде өтуіне жанашырлық таныт­қан С.Мұқанов, О.Аяпбергенов, Қ.Сейі­тов және ШҚО Жарма аудандық кеңе­сінің төр­ағасы Нұрлыбек Есболов сынды ақ­сақалдар Орталық кеңес басшыларына, ұйым­дастыру жұмыс­тарына бас болып жүрген Көп­болсын Бекмағанбетовке бір­ауыздан ризашылықтарын біл­діріп, алғыс айтты.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

АСТАНА


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024