Футбол • 21 Сәуір, 2017

Атақты Марсело «Қайратты» қолдайды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубы мен Бразилия құрама­сының қорғаушысы Марсело Алма­тыда футзалдан өтетін УЕФА кубо­гының төрттік финалында сынға түсетін алматылық «Қайрат» клу­бын қолдап, өзінің Instagram парақ­шасында бейнеүндеу жолдады.

Атақты Марсело «Қайратты» қолдайды

«Сәлем, менің атым Марсело. Мен футзалдан УЕФА кубогының төрттік финалында алматылық «Қай­рат» футзал клубына жанкүйер боламын. Сіз ше? Алға, «Қайрат», – дейді Марсело.

Әлемнің үздік қорғаушыларының бірі Марсело мен Қазақстан Ұлттық құрамасы және «Қайрат» клубының қақпашысы Игита екеуі жақын дос. Марсело 2015 жылы Португалияда өткен УЕФА кубогының төрттік финалында да «Қайрат» футзал клубын қолдап, Лиссабонға арнайы барған болатын.

Айта кетейік, бразилиялық қор­ғаушы футболдағы карьерасын тоғыз  жасында футзалдан бастаған.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар