Әлем • 21 Сәуір, 2017

Германияда алғаш рет әйел адам ғарышқа ұшады

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Германияда 2020 жылы Халықаралық ғарыш стансасынан алғаш рет әйел ұшатын болды.

Германияда алғаш рет әйел адам ғарышқа ұшады

Негізі тиісті өтінім берген нәзікжандылар саны 400-ден асады. Алайда тек алтауы ғана іріктеуге жіберілген.

Еуропа ғарыш агенттігінің жіті медициналық тексерулерінен кейін екі астронавт қана таңдап алынған. 

Жоба авторлары «мұндағы басты мақсат – қыз-келіншектердің техникалық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру», - дейді. 

Бұл сондай-ақ, салмақсыздықтың әйел ағзасына қалай әсер ететінін зерттеуге мүмкіндік береді. 

Енді бірер айдан соң қос үміткер дайындыққа кіріседі. Іріктеу қорытындысы бойынша тек біреуі ғана ғарышқа аттануы тиіс. 

"Менің ғарышқа ұшу туралы арманым орындалмақ. Алда атқарылатын жұмыс көп. Көздеген мақсат-мұратыма жету үшін аянып қалмаспын", - дейді үміткер Никола Бауманн.


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024