Қазақстан • 22 Сәуір, 2017

Қостанайда стадионның жөндеу жұмысына 1 миллиард теңге бөлінді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қостанай облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар осындай шешімге келді. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов депутаттарды бюджеттің кірісі сол күйінше қалатынын, ал шығысына өзгерістер енгізілетінін айтты.

Қостанайда стадионның жөндеу жұмысына 1 миллиард теңге бөлінді

Үнемдеуден және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларды жүзеге асыру арқасында басқа да өзекті жобалар үшін қосымша 2 миллиард 230 миллион теңге бөлуге мүмкіндік туды. 

Осы қаржының жартысына жуығы  Қостанай қаласындағы орталық стадионды жөндеуге жұмсалатын болады. Сессияда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл бөлінген қаржы орталық басты спорттық нысанды адам танымастай өзгертетінін  айтты.

«Бұл жүргізілетін құрылыс жұмыстарының көлемі шын мәнінде стадионды қайта салып шыққанмен бірдей. Стадион нағыз заманауи талаптарға сай болады. Мұның сыртында қаланың солтүстік-батыс аумағынан футбол манежі салынады» деді Архимед Бегежанұлы.

Стадионды жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін бітеді.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»




Соңғы жаңалықтар