«Сүйінші!!! Осымен үшінші жүлде!!! Қытайдың нөмірі бірінші телеарнасы CCTV Димаштың орындауындағы "Battle of memories" әнін жылдың үздік әні деп танып «Top Global Chinese Music» жүлдесін әншіге табыстады!!! Қуанышымызда шек жоқ!!! Еңбекпен келген әр өнім бағаланса бақыт қой!!!», - деп жазды Алпамыс Шаримов.
Сондай-ақ, Димаш Құдайбергенов бүгін I am a Singer жобасының гала-концертінде "Махаббат бер маған" атты жаңа әнін орындады. Өлеңнің сөзін Мұнайдар Балмолда жазса, әні Айгүл Бажанованыкі.