Білім • 23 Сәуір, 2017

Украина қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Украина Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына оқу үшін 40 тегін орын ұсынды, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның сайты.

Украина қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынды

Оқу гранттары 2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес украина тарапынан Қазақстан Республикасы азаматтарының Украинаның жоғары оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқуы үшін  ұсынылады. 

Олардың ішінде: 30 орын бакалавриат бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин азаматтар үшін; 10 орын магистратура бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин Қазақстан азаматтары үшін. 

Келісімге сәйкес, оқу тегін, жоғары оқу орны жатақханасы мен оқушылар стипендиясы (шамамен 9000 теңге) қарастырылған. 

Арнайы талаптарға сай келетін құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 1 мамырына дейін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024