Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Нақты міндеттер жүктелді

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов, делегаттар, партия фракциясының жетекшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Нақты міндеттер жүктелді

Алқалы жиынның күн тәр­тібінде ұйымдық мәселе қа­рал­ды. Фархад Шаймұратұлы «Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиалының төрағасы қыз­меті­н­е облыс әкімі Қ.Ақсақалов­тың кан­дидатурасын ұсы­нып, мемлекеттік, шаруашылық қыз­меттердегі еңбек жолымен, бас­шылықта жинақталған мол тәжірибесімен қысқаша таныс­тырып өтті. Конференция деле­гаттары ұсынысты бірауыз­дан қолдады.

Құмар Іргебайұлы жинал­ған­дарға арнаған сөзінде өзіне үлкен сенім білдіргені үшін алғыс айтып, алда тұрған саяси-идеологиялық талаптарға тоқталды. Бұл ретте конституциялық реформалардан Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәскеге қабі­леттілік» Жол­дауы­нан, «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туын­дайтын бас­ты қағидаттарға ерек­ше екпін түсіріп, делегаттар назарын жедел шешімін табатын мәселелерге аударды.

Агроөнеркәсіптік кешенді, инфрақұрылымды, жұмыспен қамтуды, ауылдағы кәсіпкерлікті, тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларынан туындай­тын міндеттерді шешуде партия мү­ше­лерінен белсенділік, іскер­лік, зор ұйымдастырушы­лық қасиеттер қажет етіледі. Сая­си, экономикалық қайта құру­лардың заңды жалғасы болып табылатын рухани жаңғыру­­дың үлгілі үдерістерін тәжірибе­ге ай­налдыра отырып, Елбасы ұсын­ған жобаларға бір кісідей қатысудың маңызы зор. Бизнес және шаруа қожалықтары өкіл­дері есебінен партия қатарын толықтыру, сапа­лық құрам­ға баса көңіл бөлу, қо­ғам­дық бақы­лауды күшейту тапсыр­малары жүктелді.

Кезектен тыс конференцияда жергілікті бөлімше төрағасының бірінші орынбасары Артур Мол­дағұлов биыл атқарылған жұмыс­тар туралы баяндама жасады.

Жиында филиалдың саяси кеңесі мен бюросының жаңа құрамы сайланды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы



Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024