Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Бәсекелестікке білім арқылы қол жеткіземіз

264 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – қоғам­дық сананы жаңғыртуға бағытталған, еліміздің тарихына, салт дәстүріне негізделген, сонымен қатар, бүгінгі күннің талабына сай болашаққа бағдарлайтын көлемді терең жоба. Бастан аяққа дейін оқып отырып, ерекше сезімде болып, жобаның әрбір сөзімен, үтір-нүктесімен іштей түгел келісемін.

Бәсекелестікке білім арқылы қол жеткіземіз

Бүгінгі күнде біз ерекше жылдам­дық­пен­ айналамызда өзгеріп жатқан уақыт, көзқарас, техно­логиялардың куәсі болып жүрміз. Елбасымыз айт­­қандай, «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз бел­гілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу». 

Бәрімізге белгілі, біз бүгінде сол дамыған мемле­кет­тердің озық технологияларын молынан барлық салада қолданамыз, яғни солар шығарған көлікті мінеміз, сапалы тауарды тұтынамыз. Өзім жұмыс жасайтын медицина саласында да солар шығарған құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді қолданып, елді емдейміз, ұрпақ өрбітуге көмектесеміз.

Өкініштісі, біздің елде ондай дүниежүзілік жоғары деңгейге сәйкес құрал жабдықтар, дәрілер шығарылмайды. Елімізде егемендік алған 25 жылда зәулім заманауи ғимараттар салып, медицина саласын қарқынды дамытып келе жатқанмен, бізде маман тапшылығы, технология, жабдық тапшылығы әлі де бірталай байқалып келеді. Яғни, біз осындай жетістіктерге жеттік, кімнен кемміз деп мақтанып отыра бермей, осы дамыған елдердің деңгейінде бәсекелестікке сай инженерлік шешімдерге жетуі­міз қажет екенін көріп отырмыз.

Біздің бір израильдік әріптесіміз, медицина саласының үлкен ғалымы «Әлемде ғылым күрт өзгеруде, сонымен бірге, біз де өзгеруіміз, заманға сай тез қалыптасып тұруымыз қажет», деген еді.

Елбасы айтқандай, технологиямен қатар, біз өзіміздің ұлттық генетикалық кодымызға, тілімізге, мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге мықты болуы­мыз қажет, алға басуға, ұлтымыздың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Жобада рухани жаңғыру, санамыздың заманауи өзгерістерге сай ашық болу мәселелері айрықша аталған.

Жасыратыны жоқ, бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген, босқа уақытты алатын, әртүрлі жағымсыз, түкке тұрмайтын ақпараттар, өткеннің қазіргі заманға сай кел­мейтін дүниелерін насихаттайтын жағ­дайлар ағылып төгіледі. Соны жазып отырған адамдардың санасына, жаз­ған дү­ние­леріне жауапкершілікпен қарамай­ты­ны­на шынымен-ақ қарның ашады. Осындай ақ­па­раттардың ұшан-теңізінде ақ-қарасын айыра алмай батып кетіп жатқан қаншама жан бар.

Дүниежүзілік деңгейде бәсекелестікке сай болу үшін білімнің салтанат құруы аса қажетті екенін Елбасы ерекше атап өткен. Әлемдік білімге толық­қанды қол жеткізу үшін ана тіліңмен қатар, ағылшын тілін жетік білу ауадай керек екені айтылған. Қазіргі заманда елімізде қос-қос дипломы бар, бірақ білімі жоқ жастар да жеткілікті. Айтатыны, осындай дип-

ломдармен бізге жұмыс жоқ дегені. Негізіне келгенде, оларды жұмысқа аларда білімін тексергенде бәсекелестікке, жоғары деңгейге сай келмейтініне жұмыс берушілер көз жеткізеді.

Болашаққа бағдарлайтын Елбасының бұл көлемді жобасын әрбір адам, әсіресе, жастар, бірнеше рет оқып, жүрегімен, санасымен қабылдаса ғана біздің елімізде жарқын болашаққа жетелейтін игі өзгерістер болар еді деген сенімдеміз. Әр азамат, басқаны сынап-мінемей, өзінің рухани дүниесін байытып, ғылым, білім қуып, жоғары сапалы еңбектенген жағдайда біздің еліміздің болашағы зор болады деген ойдамыз.

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және 

отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, 

биология  ғылымдарының докторы, 

«Экомед» адам ұрпағын  өрбіту клиникасының ғылыми директоры



Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024