Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Африка жайыны, мархабат!

414 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік туралы сөз болған­д­а осындағы адамдардың тір­ші­лік жағдайына бейімділігі сөз болады. Тіпті, оңтүстіктің адамдарының өзі кез келген тығырықтан жол тауып кететін әбжіл жігіттерге қа­ра­тып «Тәшкен көрген ғой» деп сүйсініп жатады.

Африка жайыны, мархабат!

Бүгінде дәмханаларға барсаңыз Қазақстанның өзге өңірлерінде кез­дес­пейтін тағамдарға тапсырыс бере аласыз. Мәселен,  кинодан көргеніңіз болмаса аяғыңыз жет­пеген, мүмкін, өміріңіздің соңына да жолыңыз түс­пеуі мүмкін Африканың өзен, көл­­шігінде өсетін жайынның еті. Мар­хабат!

Осындайда еске түседі. 2004 жылы «Егемен Қазақстан» газеті тіл­ші­лерінің құрамында Үрімшіге жолымыз түс­кен. Күйтің қаласындағы кездесуден соң дәмге отырдық.

Айналмалы үстел, үсті қайысқан та­ғам. Қақ орта­сын­да бұқтырылған алып тас­бақа төрт аяғы тө­рт жаққа кетіп тарби­ып жатыр. Тағы да біз біл­мей­тін бақа, шаян етте­рі­нен 

да­яр­ланған тағамдар. Тіксініп қалдық. Делегацияны бастап барған ағамыз қабағын шытты. Әлгілерді дастарханнан алып ке­туді өтінді. Сиыр, қой, жылқы еті­нен жасалған дәмді ғана әкелуді бұй­ырды.

Күтуші жақ аң-таң. «Біз бұл қымбат тағамдарды аса қадірлі қонақтар үшін ұшақпен өзге жерлерден алдырамыз», деген.

Ал оңтүстіктің кафе, мейрамханалары экзотикалық тағамдарды ұшақ­пен еш жерден алдырмайды.

Қазір Африка сомы оңтүстіктің бірталай аудандарында өсіріліп жатыр. Жақында Түлкібас ауданындағы бір шаруашылықтан көрдік. Шаруашылық иесі әлеуметтік желіден Африка сомы туралы оқып, пайдасына көз жет­кі­з­геннен кейін Ресейде өсіріліп жатқан ба­лық питомнигінен алдырған екен. Олар­мен тәжірибе алмасып, жайын­ды өсірудің қыр-сырын әбден мең­геріп алған. Бұл шаруашылықтың ти­ім­ділігі, төрт түлікті өсіру сияқты өріс қуалап табаныңнан тозбайсың. Қыс­қы жем-шөп үшін ала жаз бойы адыр қуалап, шөп шаппайсың. Бел­гі­лен­­ген мезгілінде кесек-кесек ет тас­тап, тамақтандырсаң болғаны. Түй­ені тү­гімен жұтуға дайын бұл жай­ын­да­рыңыз нағыз дер шағына жеткенде 120 келіге дейін тартады екен. Бір құнан қойдың салмағын ойға алып, бір жайыннан түсетін пайданы есептей беріңіз.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар