Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Қазақ – қашанда қазақ! (24.04.2017)

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ! (24.04.2017)

Тарихтың тайталасын ұққан еді,

Замана запыранын жұтқан еді.

Қолына қайла, күрек, шотын алып,

Бұл қазақ сенбілікке шыққан еді.

Ел-жұртым әлі талай бел асады,

Бірлік пен берекеге жол ашады.

Бабамның асарынан аумай қалған

Сенбілік қазағыма жарасады!..




Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»